Home Blog Page 7

ТҮРКІСТАН: Арыс қаласының әкімі тұрғындарды жеке қабылдады

0

Арыс қаласының әкімі тұрғындарды жеке қабылдады, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Қала әкімі Қайсар Маңқараев тұрғындармен кезекті жеке қабылдау өткізді. Қабылдау барысында алдын ала жазылған азаматтар өздерін толғандырған бірқатар өзекті мәселелерді көтерді.

 

Атап айтқанда, тұрғындар тарапынан тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үй кезегі, кәсіпкерлікті дамыту, тұйық көшелерге жол салу сынды мәселелері бойынша өтініштер айтылды.

 

Қала әкімі әрбір азаматтың өтінішін мұқият тыңдап, көтерілген мәселелердің заңдылық аясында қаралатынын жеткізді. Сонымен қатар, кейбір түйткілді мәселелер бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуын бақылауға алу қажеттігі ескертілді.

ТҮРКІСТАН: Шәуілдірде ауқымды істер атқарылған

0

Отырар ауданы әкімінің халықпен кездесуі Шәуілдір ауыл округінде қорытындыланды, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлы Шәуілдір ауыл округінің тұрғындарымен кездесіп, 2025 жылы атқарылған жұмыстар мен 2026 жылға жоспарланған жобалар туралы баяндады.

Кездесу барысында аудан басшысы ауыл округінде инфрақұрылымды дамыту, әлеуметтік қолдау, абаттандыру және кәсіпкерлік салаларында ауқымды жұмыстар атқарылғанын атап өтті.

2025 жылы Шәуілдір ауыл округінде 6 көшеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, бірқатар көшелерге тас төселді. Сонымен қатар, 9 көше аудандық бюджет есебінен жарықтандырылып, ауыл округі бюджеті арқылы тағы 5 көшеге жарық жүйесі орнатылды.

Абаттандыру бағытында Жібек жолы даңғылы бойына гүл көшеттері егіліп, бірнеше балалар ойын алаңшалары салынып, Арбат демалыс аймағы пайдалануға берілді. Сондай-ақ, Ардагерлер саябағына заманауи талапқа сай әжетхана мен дәрет алу орны салынды.

Ауыл тұрғындарын табиғи газбен қамту жұмыстары да кезең-кезеңімен жүзеге асуда. Қазіргі таңда 1496 тұрғын үйдің 1284-і табиғи газға қосылған.

Кездесу барысында әлеуметтік қолдау шаралары да кеңінен сөз болды. 2025 жылы аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсетіліп, әлеуметтік мәні бар аурулар санатындағы азаматтарға қаржылай қолдау берілген.

Кәсіпкерлік саласында жаңа нысандар ашылып, ауыл тұрғындарына қызмет көрсету сапасы артқан. Атап айтқанда, жаңа мейрамхана, дәмханалар, дәріхана және сауда орындары іске қосылды.

Аудан әкімі ауылдың санитарлық тазалығы мен көгалдандыру жұмыстарына ерекше тоқталып, 2025 жылы 3500 түп ағаш көшеті егілгенін жеткізді. Сонымен қатар, балалар ойын алаңшалары мен көпқабатты тұрғын үйлер аумағын абаттандыру бағытындағы жұмыстар жалғасатынын айтты.

2026 жылға жоспарланған жұмыстар қатарында бірнеше көшеге күрделі жөндеу жүргізу, жаңа жарықтандыру желілерін орнату, балалар ойын алаңшаларын салу және ішкі көшелерге тас төсеу жобалары бар.

Кездесу соңында тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер мен ұсыныстар тыңдалып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді.

ТҮРКІСТАН: Отырарда ардагерлердің өтініші орындалды

0

Отырарда ардагерлердің өтініші оң шешімін тапты, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

Отырар ауданындағы “Белсенді ұзақ өмір” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ардагер қариялар мен ақ жаулықты әжелерге арналған 50 орындық жаңа АКТ залының ашылу салтанаты өтті. Бұл – аудан тұрғындарының ұсыныс-пікірлеріне дер кезінде көңіл бөлініп, нақты жұмыстардың жүзеге асып жатқанын көрсететін игі бастамалардың бірі.

Бұған дейін аудан әкімінің халықпен кездесуінде орталықта демалушы ардагерлер мекеме ішінде түрлі мәдени-көпшілік іс-шаралар, кездесу кештері, концерттік бағдарламалар мен тағылымды жиындар өткізуге арналған арнайы АКТ зал қажеттігін айтып, өтініш білдірген болатын. Ардагерлердің бұл ұсынысы аудан әкімінің бақылауына алынып, тиісті жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде орталық ғимараты ішінен заманауи талапқа сай жабдықталған 50 орындық АКТ залы пайдалануға берілді.

АКТ залдың ашылу рәсіміне аудан әкімі қатысып, ардагерлермен кездесті. Кездесу барысында қариялар көтерілген мәселенің қысқа мерзім ішінде оң шешімін тапқанына ризашылықтарын білдіріп, аудан басшылығына ақ баталарын берді. Олар тұрғындардың ұсыныстары ескеріліп, нақты қолдау көрсетіліп жатқанын ерекше атап өтті.

Аудан әкімі өз сөзінде ардагерлердің қоғамдағы орны айрықша екенін айтып, аға буын өкілдерінің өмірлік тәжірибесі мен өнегелі жолы кейінгі ұрпақ үшін үлкен тәрбие мектебі екенін жеткізді. Сондай-ақ, тұрғындардың талап-тілектері кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, әлеуметтік нысандарды дамыту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатынын айтты.

Айта кетейік, “Белсенді ұзақ өмір” КММ-де ардагерлерге жан-жақты жағдай жасалған. Мекеме тұз шахтасы (тұзбен емдеу), медбике кабинеті, автоматтандырылған түрлі массаж құрылғылары, арнайы психологиялық көмек көрсету кабинеті, еңбек терапиясы кабинеті және кітапханамен қамтылған.

Бүгінде орталықта бір күнде 70-ке жуық қызмет алушыға 14 маман әлеуметтік қызмет көрсетеді. Мұнда ардагерлердің денсаулығын нығайтуға, бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және қоғамдық белсенділігін арттыруға бағытталған түрлі шаралар тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Жаңа АКТ залының ашылуы орталықтағы мәдени-рухани жұмыстардың аясын кеңейтіп, ардагерлердің басқосуына арналған қолайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.

ТҮРКІСТАН: Сауран ауданының әкімі тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдады

0

Сауран ауданының әкімі тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдады, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров тұрғындарды жеке қабылдап, азаматтардың әлеуметтік-тұрмыстық және инфрақұрылымдық бағыттағы өтініш-тілектерін тыңдады. Жеке қабылдауға жалпы 12 азамат қатысып, 16 мәселе қаралды. Қабылдауда тұрғын үй құрылысына арналған жер телімін алу, жайылым жер мәселесі, әлеуметтік осал топтарға қолдау көрсету, тұрақты жұмысқа орналасу, кәсіпкерлік мақсаттағы жер құжаттарын рәсімдеу және сауда жасауға арналған орын бөлу жөніндегі өтініштер айтылды.

 

Қабылдау барысында әрбір мәселе бойынша тиісті бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдіктеріне нақты тапсырмалар берілді. Заң талаптарына сәйкес түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, тұрғын үйге жер алу бойынша азаматтарға кезекке тұру тәртібі түсіндірілді. Ал жұмыспен қамту мәселесі бойынша азаматтарға бос жұмыс орындары ұсынылып, тұрғылықты мекенжайға жақын жерден жұмыс қарастыру бағытында жұмыстар жалғасатыны айтылды.

 

Әлеуметтік салаға қатысты көтерілген мәселелер бойынша жауапты мекемелерге зерделеу жұмыстарын жүргізіп, заң аясында шешу жолдарын қарастыру тапсырылды. Коммуналдық және инфрақұрылымдық мәселелер бойынша да тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, кейбір өтініштер кезең-кезеңімен шешілетіні жеткізілді.

 

Аудан әкімі тұрғындардың мәселелері назардан тыс қалмайтынын атап өтіп, әрбір өтініш заң аясында қаралатынын жеткізді. Сондай-ақ, жауапты сала басшыларына азаматтардың талап-тілектеріне мұқият қарап, нақты нәтижеге бағытталған жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

ТҮРКІСТАН: Сауранда балалардың қауіпсіздігі қаралды

0

Сауран ауданында балалардың жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздігі талқыланды, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Сауран ауданында жазғы демалыс кезеңінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне арналған мәжіліс өтті. Жиын аудан әкімдігінің басқармалар үйіндегі мәжіліс залында ұйымдастырылып, оған жауапты мекеме басшылары мен сала мамандары қатысты.

 

Мәжілісті аудан әкімі Мақсат Таңғатаров ашып, жүргізді. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе суға кету фактілерінің алдын алу, кәмелетке толмаған балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жазғы демалыс кезіндегі профилактикалық жұмыстардың жай-күйі болды. Жиында үш мәселе қаралды. Атап айтқанда, Түркістан магистралды каналы бойындағы балалар қауіпсіздігіне қатысты сын-ескертпелер, шомылу маусымындағы қауіпсіздік шаралары және мектеп жасындағы балалардың жазғы демалыс кезеңіндегі қауіпсіздігін қорғау бағытындағы жұмыстар талқыланды.

 

Алғашқы мәселе бойынша «Тұран су» ШЖҚ МКК-ның су бөлімінің басшысы Дархан Әбдішәкір баяндама жасап, каналдар бойындағы қауіпсіздік талаптарының орындалуы мен алдын алу шаралары жөнінде мәлімет берді. Сонымен қатар, «Казсушар» РМК Түркістан филиалы Түркістан өндірістік бөлімшесінің басшысы Жасур Амирдинов қосымша баяндама жасап, су нысандары маңындағы қауіпсіздік жұмыстарын күшейту қажеттігін атап өтті.

Екінші мәселе бойынша аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Мухтар Куанышбаев жазғы шомылу маусымындағы қауіпсіздік шаралары туралы баяндады. Онда су айдындарында рейдтік жұмыстарды тұрақты жүргізу, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын күшейту және рұқсат етілмеген орындарда шомылудың алдын алу мәселелері қамтылды.

 

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша аудандық білім бөлімінің басшысы Ғани Әметбеков мектеп жасындағы балалардың жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабарлады.

 

Мәжіліс барысында жауапты мекемелер тарапынан ұсыныстар айтылып, пікірлер алмастырылды. Жиын қорытындысында аудан әкімі жауапты сала басшыларына су каналдары, ирригациялық жүйелер мен қауіпті аймақтарды толық зерделеп, қауіпсіздік талаптарына сәйкестендіру бойынша нақты тапсырмалар жүктеді. Атап айтқанда, қауіпті учаскелерге ескерту белгілерін орнату, қажетті аумақтарды қоршау, рейдтік іс-шараларды тұрақты ұйымдастыру және балалар мен ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту тапсырылды.

ТҮРКІСТАН: Сауранда жер қатынастары саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

0

Сауранда жер қатынастары саласындағы өзекті мәселелер талқыланды, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен жер қатынастары саласындағы өзекті мәселелер бойынша апталық мәжіліс отырысы өтті. Жиынға аудан прокуроры А.Асылбеков, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Б.Кишибаев, аудандық тіркеу және жер кадастры бөлімінің басшысы Е.Қанатбек, ауылдық округ әкімдері, жер мамандары, кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындары қатысты.

 

Мәжіліс барысында жер саласына қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Атап айтқанда, жер учаскелерін пайдалану мерзімін ұзарту, жер телімдерінің іргелес аумақтарын кеңейту, заңсыз салынған құрылыстарды заңдастыру мәселелері күн тәртібіне шығарылды.

 

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша Сауран ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы Асылбек Патсаев баяндама жасап, жер қатынастары саласында атқарылып жатқан жұмыстар мен кездесіп отырған мәселелерге тоқталды. Ал екінші мәселе бойынша аудан әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының орынбасары Нұрмұхаммед Сұлтанмұрат баяндама жасап, қала құрылысы қорытындысын беру қызметіндегі заң талаптары мен өзекті мәселелер жөнінде мәлімет берді.

 

Жиын барысында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, нақты ұсыныстар мен пікірлер айтылды. Аудан әкімі көтерілген мәселелердің маңыздылығына тоқталып, айтылған сын-ескертпелер мен ұсыныстардың хаттамаға енгізілуін тапсырды. Сондай-ақ, мәжілісте анықталған кемшіліктер бойынша жауапты бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне тиісті шаралар қабылдап, жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ету міндеттелді.

Кентауда ауқымды ата-аналар форумы өтті

0

Кентауда «Адал ата-ана — қауіпсіз балалық шақ» атты қалалық ата-аналар форумы өтті, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Кентау қаласында «Адал ата-ана — Қауіпсіз балалық шақ» тақырыбында қалалық ата-аналар форумы ұйымдастырылды.

 

Жиынға қала әкімі Жандос Тасов, құқық қорғау органдарының өкілдері, төтенше жағдайлар қызметкерлері, білім және денсаулық сақтау саласының мамандары, ата-аналар мен ұстаздар қатысты.

 

Іс-шара барысында бала қауіпсіздігі, отбасы тәрбиесі, ата-ананың жауапкершілігі, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, балалар денсаулығын сақтау және жаз мезгіліндегі қауіпсіздік шаралары жөнінде баяндамалар жасалды.

 

Қала әкімі Жандос Тасов өз сөзінде бала тәрбиесі мен қауіпсіздігі – қоғам алдындағы ең маңызды міндеттердің бірі екенін атап өтіп, балаға ең қажеттісі ата-ананың мейірімі, қамқорлығы мен дұрыс тәрбиесі екенін жеткізді. Сондай-ақ, отбасы мен мектептің бірлескен жұмысы арқылы ғана қауіпсіз әрі саналы ұрпақ тәрбиелеуге болатынын айтты.

 

Сонымен қатар форум аясында «Ата-ана үні» челленджі ұйымдастырылып, оқушылардың қатысуымен концерттік бағдарламалар мен арнайы бейнеролик ұсынылды.

 

Жиын соңында бала тәрбиесі мен қауіпсіздігіне белсенді үлес қосқан ата-аналар марапатталды.

КЕНТАУ: Байылдырда жаңа жобалар кезең-кезеңімен іске асырылады

0

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов Байылдыр ауылының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов тұрғындармен кезекті кездесуін Байылдыр ауылында өткізді.

 

Кездесу барысында ауыл тұрғындары көпірді қайта жаңғырту, электр бағаналарын жаңарту, медицина саласындағы мәселелер, ауыз су және жол инфрақұрылымына қатысты ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

 

Қала әкімі тұрғындардың сауалдары мен өтініштерін назарға алып, әр мәселе бойынша заң талаптарына сәйкес жауап берді. Сондай-ақ, бірқатар жобалардың кезең-кезеңімен жүзеге асырылатынын атап өтті.

 

Ауыл тұрғындарымен кездесу барысында қала әкімі ауылдағы мектеп ғимаратының жағдайымен танысып, салынып жатқан балалар ойын алаңшасы мен ветеринариялық қызмет ғимаратының құрылыс жұмыстарын да аралап көрді.

 

Жиын соңында тұрғындар көтерілген мәселелердің бақылауға алынғанын айтып, алдағы уақытта олардың оң шешімін табатынына сенім білдірді.

ТҮРКІСТАН: Кентауда жаяу жүргіншілер жолағы жаңартылуда

0

Кентау қаласындағы орталық көшелер мен мектеп маңындағы жаяу жүргіншілер жолағы жаңартылуда, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Кентау қаласында жаңа оқу жылы қарсаңында орталық көшелерде, білім нысандары маңында және қалаға қарасты ауылдарда жол сызықтарын жаңарту жұмыстары жүргізілуде.

 

Қазіргі таңда қала аумағындағы жол сызықтары мен жаяу жүргіншілер жолақтары жаңартылып, ретке келтірілуде.

 

Сонымен қатар, Хантағы, Байылдыр, Қарнақ ауылдарында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында мектеп маңындағы жаяу жүргіншілер жолақтарын жаңарту жұмыстары атқарылуда.

Түркістанда аумағы 20 гектарды құрайтын өндірістік парк салынып жатыр

0

Түркістанда 20 гектар аумақта өндірістік парк салынуда, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

Түркістан қаласының Бекзат мөлтек ауданында 20 гектар аумақта өндірістік парк құрылысы қарқынды жүзеге асырылуда. Жоба аясында жалпы 26 өндірістік ғимарат салу жоспарланған. Құрылыс жұмыстары 3 кезеңмен іске асырылып жатыр. Қазіргі таңда алғашқы 5 нысанның құрылысы толық аяқталып, қажетті инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген.

Өндірістік парк аумағына қала әкімінің орынбасары Аманжол Бақытжанұлы мен қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев арнайы барып, жобаның жүзеге асу барысымен танысты.

Өндірістік ғимараттарда жалпы құны 11,8 млрд теңгені құрайтын 4 инвестициялық жоба іске асырылады. Атап айтқанда, заманауи өлшеу құралдары, құрылыс панельдері, битум материалдары, аккумуляторлар және электронды схемалар өндіру көзделген. Жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде 600 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.

Қазіргі уақытта инвесторлармен тиісті келісімдер жасалып, өндірістік жобаларды арнайы өндірістік алаңдарға орналастыру жұмыстары жалғасуда.