HomeЖаңалықТҮРКІСТАН: Сауранда жер қатынастары саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

ТҮРКІСТАН: Сауранда жер қатынастары саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

Сауранда жер қатынастары саласындағы өзекті мәселелер талқыланды, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен жер қатынастары саласындағы өзекті мәселелер бойынша апталық мәжіліс отырысы өтті. Жиынға аудан прокуроры А.Асылбеков, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Б.Кишибаев, аудандық тіркеу және жер кадастры бөлімінің басшысы Е.Қанатбек, ауылдық округ әкімдері, жер мамандары, кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындары қатысты.

 

Мәжіліс барысында жер саласына қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Атап айтқанда, жер учаскелерін пайдалану мерзімін ұзарту, жер телімдерінің іргелес аумақтарын кеңейту, заңсыз салынған құрылыстарды заңдастыру мәселелері күн тәртібіне шығарылды.

 

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша Сауран ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы Асылбек Патсаев баяндама жасап, жер қатынастары саласында атқарылып жатқан жұмыстар мен кездесіп отырған мәселелерге тоқталды. Ал екінші мәселе бойынша аудан әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының орынбасары Нұрмұхаммед Сұлтанмұрат баяндама жасап, қала құрылысы қорытындысын беру қызметіндегі заң талаптары мен өзекті мәселелер жөнінде мәлімет берді.

 

Жиын барысында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, нақты ұсыныстар мен пікірлер айтылды. Аудан әкімі көтерілген мәселелердің маңыздылығына тоқталып, айтылған сын-ескертпелер мен ұсыныстардың хаттамаға енгізілуін тапсырды. Сондай-ақ, мәжілісте анықталған кемшіліктер бойынша жауапты бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне тиісті шаралар қабылдап, жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ету міндеттелді.

Ұқсас жазбалар