HomeҚоғамТҮРКІСТАН: Арыс қаласының әкімі тұрғындарды жеке қабылдады

ТҮРКІСТАН: Арыс қаласының әкімі тұрғындарды жеке қабылдады

Арыс қаласының әкімі тұрғындарды жеке қабылдады, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Қала әкімі Қайсар Маңқараев тұрғындармен кезекті жеке қабылдау өткізді. Қабылдау барысында алдын ала жазылған азаматтар өздерін толғандырған бірқатар өзекті мәселелерді көтерді.

 

Атап айтқанда, тұрғындар тарапынан тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үй кезегі, кәсіпкерлікті дамыту, тұйық көшелерге жол салу сынды мәселелері бойынша өтініштер айтылды.

 

Қала әкімі әрбір азаматтың өтінішін мұқият тыңдап, көтерілген мәселелердің заңдылық аясында қаралатынын жеткізді. Сонымен қатар, кейбір түйткілді мәселелер бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуын бақылауға алу қажеттігі ескертілді.

Ұқсас жазбалар