HomeҚоғамТҮРКІСТАН: Сауран ауданының әкімі тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдады

ТҮРКІСТАН: Сауран ауданының әкімі тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдады

Сауран ауданының әкімі тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдады, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров тұрғындарды жеке қабылдап, азаматтардың әлеуметтік-тұрмыстық және инфрақұрылымдық бағыттағы өтініш-тілектерін тыңдады. Жеке қабылдауға жалпы 12 азамат қатысып, 16 мәселе қаралды. Қабылдауда тұрғын үй құрылысына арналған жер телімін алу, жайылым жер мәселесі, әлеуметтік осал топтарға қолдау көрсету, тұрақты жұмысқа орналасу, кәсіпкерлік мақсаттағы жер құжаттарын рәсімдеу және сауда жасауға арналған орын бөлу жөніндегі өтініштер айтылды.

 

Қабылдау барысында әрбір мәселе бойынша тиісті бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдіктеріне нақты тапсырмалар берілді. Заң талаптарына сәйкес түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, тұрғын үйге жер алу бойынша азаматтарға кезекке тұру тәртібі түсіндірілді. Ал жұмыспен қамту мәселесі бойынша азаматтарға бос жұмыс орындары ұсынылып, тұрғылықты мекенжайға жақын жерден жұмыс қарастыру бағытында жұмыстар жалғасатыны айтылды.

 

Әлеуметтік салаға қатысты көтерілген мәселелер бойынша жауапты мекемелерге зерделеу жұмыстарын жүргізіп, заң аясында шешу жолдарын қарастыру тапсырылды. Коммуналдық және инфрақұрылымдық мәселелер бойынша да тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, кейбір өтініштер кезең-кезеңімен шешілетіні жеткізілді.

 

Аудан әкімі тұрғындардың мәселелері назардан тыс қалмайтынын атап өтіп, әрбір өтініш заң аясында қаралатынын жеткізді. Сондай-ақ, жауапты сала басшыларына азаматтардың талап-тілектеріне мұқият қарап, нақты нәтижеге бағытталған жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

Ұқсас жазбалар