Home Blog Page 170

Ыстамбұлда Өзбекстанның 5 азаматы қайтыс болды

0

QULAGER.KZ. Өзбекстанның Ыстамбұлдағы Бас консулдығы оқиғаға қатысты ақпарат берді, деп жазады inform.kz.

 

Өзбекстанның Ыстамбұлдағы Бас консулдығының мәліметінше, 2025 жылдың 14 қаңтарында қолдан жасалған алкогольді ішіп, уланып қайтыс болған 5 өзбекстандықтың жақын туыстары Ыстамбұлдағы Бас консулдыққа жүгінген. Бұл келеңсіз жағдайларға Ыстамбұлдың Ақсарай ауданында сатып алынған алкогольді ішімдікті пайдалану себеп болған.

 

Қайтыс болған азаматтар негізінен 35-40 жас аралығындағы ер адамдар, барлығының кәмелетке толмаған балалары жетім қалған.

 

– Осыған байланысты Ыстамбұлдағы Бас консулдық барлық азаматтарды ішімдік ішуден бас тартып, абай болуға шақырады. Кез келген денсаулыққа қауіп төндіретін жағдай туындаған кезде дереу жақын жердегі ауруханаға барып, Бас консулдыққа хабарласу ұсынылады. Төтенше жағдайда келесі телефон нөмірлеріне хабарласуға болады: Бас консулдық: +905535411717, — делінген хабарламада.

Түркістан облысында тағы бір «жайлы мектеп» ашылады

0

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен Сауранда жаңа мектеп салынып жатыр, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Түркістан облысында 50 мектептің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 29-ы «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында бой көтерген. Бұған дейін де осы жоба арқылы өңірде жеті мектеп тапсырылған.

 

Жайлы мектептердің құрылысымен танысу үшін Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сауран ауданына жұмыс сапарымен барып, жауаптылармен жүздесті. Ұлттық жоба аясында Сауран ауданы, Шорнақ ауылдық округіне қарасты Аша ауылында 600 орындық мектеп соғылуда. Нысанның құрылыс барысымен танысқан аймақ басшысы мердігерлерге нақты тапсырмалар жүктеді. Отандық құрылыс материалдарын пайдаланып, өндірістік кестеден кешікпеуді міндеттеді.

 

– Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмалары белгіленген мерзімде мүлтіксіз орындалуы тиіс. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан білім ұяларының сапасы басты назарда. Кадр мәселесін іріктеуде де талаптар қатаң сақталуы тиіс. Басты мақсат – халықты заман талабына сай әлеуметтік нысандармен қамту. Сіздерден құрылысты сапалы жүргізіп, ел игілігіне мерзімінде тапсыруды ғана талап етеміз, – деді Нұралхан Көшеров.

 

Білім ошағының құрылыс жұмыстары АО «Samruk-Kazyna Construction» тапсырысымен 2023 жылдың қыркүйек айында басталған. Жалпы ауданы – 3 гектар. Білім ұясын осы жылдың қыркүйек айында пайдалануға тапсыру жоспарланып отыр. Ғимарат инженерлік инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етілген. Нысан пайдалануға берілген соң, 55 жаңа жұмыс орны ашылмақ.

 

Бастама еліміздегі апаттық, үш ауысымды мектептер мен орын тапшылығы мәселесін шешуге бағытталған. Білім ордасы жаңа бірыңғай стандарт бойынша салынды. Оқу ұясының жабдықталуы мен қауіпсіздік деңгейі заман талабына жауап береді. Мектеп физика, химия, биология және робототехника пәндері бойынша заманауи кабинеттермен жабдықталады.

Сауранда жасалған жиһаздар Қазақстанның түкпір-түкпіріне жөнелтіліп жатыр

0

Сауранда жиһаз кластері қарқынды дамуда, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сауран ауданына іссапармен барып, ауданның өндірістік әлеуетімен танысу барысында «EDEM MEBEL» жиһаз фабрикасының жұмысын қарап шықты. Бұл фабрика корпустық жиһаздар шығару саласында қызмет етуде және аймақтың өнеркәсіптік дамуына маңызды үлес қосып отыр.

 

Нұралхан Көшеров фабрика жұмысын оң бағалап, оның сапалы өнім шығару және тұрақты жұмыс орындарын қамтамасыз ету сынды маңызды міндеттерді атқарып отырғанын атап өтті. Өңірде кәсіпорындардың дамуына қажетті қолдау көрсету және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытында барлық қажетті шаралар қабылданатынын мәлімдеді.

 

Фабриканың директоры Икбол Абишев кәсіпорынның жұмысын таныстырып, фабриканың қазіргі жағдайы мен жетістіктері туралы баяндады. Қазіргі таңда фабрикада 40 тұрақты қызметкер жұмыс істейді, олардың орташа айлық жалақысы 200 мың теңгені құрайды. Бұл кәсіпорын өңірдегі еңбек нарығында маңызды рөл атқарып, көптеген отбасы үшін тұрақты жұмыс орнын ұсынып отыр. Жиһаз фабрикасының жылдық қуаттылығы – 10 мың дана түрлі жиһаз. Аймақтық нарықта үлкен сұранысқа ие. Фабрика шығарған өнімдер Шымкент қаласы мен Түркістан, Қызылорда облыстарында сатылымға шығарылады.

Түркістанда АӘК тағайындау мәселесі қаралды

0

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау бойынша жиын өтті, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Жиын барысында Түркістан қаласында әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарға көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаудың әдіс-тәсілдері талқыланды. Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы жиында бұл көмек түрінің қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті азайту, тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсету және оларды қоғамның белсенді мүшелері ету мақсатында маңызды екенін атап өтті.

 

«Атаулы әлеуметтік көмек – мемлекетіміздің әлеуметтік саясатындағы басым бағыттардың бірі. Бұл көмек, әсіресе, қиын жағдайда жүрген отбасыларға қолдау көрсету, олардың күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандыру, қоғамға интеграциялануына мүмкіндік беру үшін маңызды. Әрбір тұрғынның өз құқығы мен әлеуметтік қолдауды алуына жағдай жасауды, сәйкесінше шынында қажет ететін азаматтарға тағайындалуын қамтамасыз етуіміз керек», – деп атап өтті.

 

Өткен жылы Түркістан қаласында 2242 отбасы, 12984 тұрғын атаулы әлеуметтік көмек алған.

 

Жиынға қатысқан сала басшылары мен жергілікті ұйым өкілдері тарапынан баяндама жасалып, ұсыныс-пкірілері тыңдалды. Әзімбек Пазылбекұлы әлеуметтік көмек көрсету жұмыстарын жүйелі және шынайы түрде жүргізу үшін, азаматтардың тұрмыстық жағдайын толық зерттеу және көмек көрсету шарттарының ашық болуын қамтамасыз ету қажеттігін, көмек алу үдерісін жеңілдету үшін электронды платформаларды пайдалану мен ақпараттық жүйелерді тиімді енгізу мәселелерін айтты.

 

Сонымен қатар, қала басшысы аталған көмекті тағайындау бойынша жергілікті басқару органдары мен әлеуметтік қорғау мекемелері арасындағы үйлесімділікті күшейту қажеттігін айтып, олардың өзара тиімді жұмыс істеуінің маңыздылығына назар аударды.

 

Қаланың әлеуметтік жағдайын жақсарту мен тұрмысы төмен азаматтарға көмек көрсету, әлеуметтік теңсіздікті азайтып, халықтың әл-ауқатын арттыру – Түркістан қаласы әкімдігі үшін басты міндеттердің бірі.

 

Отырарда кезекті аппарат мәжілісі өтті

0

Отырар ауданында кезекті аппарат мәжілісі өтті, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлының төрағалығымен өткен кезекті аппарат мәжілісінде бірқатар өзекті мәселелер қаралды. Жиынға дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері мен тиісті сала мамандары қатысты.

 

Аппараттық мәжілістің күн тәртібіне енгізілген ауданның әлеуметтік-экономикалық даму индикаторлық көрсеткіштерінің бекітілген межесі мен орындалуы туралы, 2025 жылға жоспарланған мемлекеттік сатып алу конкурстарын өткізу мен Отырар ауданының 90 жылдық мерейтойын атап өту туралы мәселелер жан-жақты талқыланып, атқарылуы тиісті жұмыстар пысықталды.

 

Мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Сағынтай Құттыбай, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Еркебұлан Жаймурзаев ауданның 90 жылдық мерейтойын атап өту мақсатында аудандық, облыстық, республикалық деңгейлердегі іс-шаралар жоспары туралы баяндап, атқарылатын жұмыстарға тоқталды.

 

Аудан әкімі мәжілісте көтерілген әрбір мәселелер бойынша тиянақты жұмыстар жүргізу керектігін жеткізді.

 

Мәжіліс қорытындысымен арнайы хаттама толтырылып, аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы көтерілген мәселелерге байланысты тиісті сала басшылары мен ауыл әкімдеріне бірқатар тапсырмалар жүктеп, оның орындалуын қатаң бақылауға алуды тапсырды.

Туризм саласына салынған инвестиция көлемі 27,3 %-ға артты

0

Туризм саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 27,3%-ға артты, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

Бұл туралы туризм және спорт министрлігі:

 

«2024 жылдың 11 айында елімізде туризм саласындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 777,4 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 27,3%-ға көп (610,2 млрд теңге)» — деп хабарлады.

 

Инвестициялар көлемінің өсуі 12 өңірде байқалды, көш бастап тұрған өңірлер:

— Астана қаласы – 218,2%-ға өсті;
— Батыс Қазақстан облысы – 94,5%-ға өсті;
— Маңғыстау облысы – 50%-ға өсті;
— Атырау облысы – 183%-ға өсті;
— Түркістан облысы – 43,7%-ға өсті.

Бұл деректер инвесторлардың Қазақстандағы туристік инфрақұрылымды дамытуға қызығушылығы артып жатқанын және саланың капитал тартуда үлкен әлеуетке ие екенін көрсетеді.

 

Қазақстан спортшылары тарихи нәтижеге қол жеткізді

0

Қазақстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында тарихи нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

Алматыдағы «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында фристайлдан (могул, акробатика) жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты мәресіне жетті.

 

Фристайл-могулдан Ұлттық құрама барлық жарыс күні жүлдеге қол жеткізді. Атап айтқанда, әлем біріншілігінің алғашқы күнінде Анастасия Городко жекелей сында 2-орын алса, ертесіне параллель могулда алтыннан алқа тақты. Ал аралас командалық сайыста былтыр IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасына қатысқан Юлия Фиклистова мен Денис Раструба жұбы күміс жүлдегер атанды.

 

Фристайл-акробатикадан жекелей сын еліміз үшін тарихи нәтижемен есте қалды. Ерлер арасында Дінмұхаммед Райымқұл күрделі бағдарламаны сәтті орындап, чемпион атанды. Ол 104.52 ұпаймен екі қытайлық спортшыны (Юч Юнхен, Ян Чжичэн) басып озды. Мұнда әйелдер арасында барлық жүлдені Қытай акробаттары иеленді.

 

Шешуші жарыс күні командалық сайыста Қазақстан-2 командасы (Аделина Өмірзақова, Роман Погосян, Ұланбәкір Өмірзақов) 6-орын алса, Қазақстан-1 (Дінмұхаммед Райымқұл, Ардана Маханова, Асылхан Асан) 7-сатыға табан тіреді. Командалық сайыстың жүлдегерлерін марапаттауға Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин қатысты.

 

Жалпыкомандалық есепте могул мен акробатикадан Қазақстан құрамасы 2 алтын, 2 күміс жүлде иеленіп, Қытайдан (2 алтын, 3 күміс, 2 қола) кейін 2-орын алды. Үздік үштікті Жапония (2 алтын, 1 қола) спортшылары түйіндеді.

ХІХ ғасырда салынған Ноғай мешітінің жай-күйі талқыланды

0

Созақтағы ХІХ ғасырда салынған Ноғай мешітінің жай-күйі талқыланды, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

ХІХ ғасырда салынған Ноғай Ишан мешіті Созақ ауданы, Созақ ауылының орталығында орналасқан. Ескерткіш республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген. Қазіргі таңда мешіт қайта қалпына келтіру жұмыстарын қажет етеді.

 

Созақ ауылына «Тарихи-мәдени мұраларды қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі орталықтың» директоры Олжас Сейданов «ШахАхмет» қоғамдық қорының президенті Шәріпхан Шакиров арнайы барып, тарихи орынның жай-күйімен танысты. Созақ ауылдық округі әкімінің орынбасары Жомарт Байкөбек пен ауыл тұрғындары қатысты. Бірлесе түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

 

Мекеме директоры Олжас Сейданов қоғамдық қор тарапынан көтерілген мәселелерге жауап берді. Ұсынысты жауапты министрлікке ұсынатынын, қолдау тапқан жағдайда тиісті жұмыстар жүргізілетінін жеткізді. Сондай-ақ монументтік өнер құрылыстарын орнату қағидаларына енгізілген өзгерістерді түсіндірді.

 

Мешіт құрылысы 1876 жылы басталып, 1896 жылы аяқталған. Ноғай Ишан, Қанай хақ, Шайһы Ахмет мешіті деп те атайды. 1896 жылдан 1928 жылға дейін мешіт болып, кейін ғимарат астық қоймасы, клуб ретінде пайдаланылған.

 

1993 жылдан бастап мешіт қызметін атқарып тұр. Меншік иесі – «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» Республикалық ислами діни бірлестігінің филиалы «Shaihy Ahmet» мешіті.

 

Ғимараттың ұзындығы 30, ені 25, биіктігі 15, дуалының қалыңдығы 1,5 метр шамасында. Мешіттің алдыңғы жағында төбесі қос күмбезденіп күйген кесектен өрілген алғашқы бөлме орналасқан. Осыдан әрі қарай кең, әрі көркем әшекейленген намаздық бар. Намаздықтан кейінгі бөлмеде ишанның қабірі болған.

 

Мешітке 2017 жылы қайта қалпына келтіру жұмыстары (реставрация) жүргізілген. «Қазқайтажаңарту» РМК мамандарымен мешіттің сыртқы кірпіштері мен еденнің кірпіштері ішінара алмастырылған. Шатырдың жарамсыз бөліктері алмастырылып, ескерткіштің қасбеті қайта боялған. Мешіттің терезелері де алмастырылып, сырланған. Суағарлары алмастырылған.

 

Мобильді аударымдарды тексеру: өзекті 10 сұрақтың жауабы

0

QULAGER.KZ. Мемлекеттік кірістер комитетінің мобильді аударымдарға қатысты кезекті ескертуінен кейін қазақстандықтар арасында осы мәселеге қатысты сұрақтар көбейді. Салықшылар аударымдардың санына қарай ма? Жоқ, әлде жалпы сомасы ескеріле ме? Бақылау шаралары қалай жүргізіледі? Ал, ең бастысы, қандай жаза қарастырылған? Бұл туралы sputnik.kz жазды.

 

  1. Биылдан бастап кімдердің мобильді аударымдары бақылауға алынады?

— Жаңа жылдан кәсіпкерлер, заңды тұлғалардың басшылары мен олардың жұбайлары жасаған мобильді аударымдар бақылауға алынады. Бұған дейін салық органдары мемлекеттік қызметшілер, бюджет және квазимемлекеттік сала қызметкерлерінің мобильді аударымдарын тексере бастады.

  1. Сонда биыл жасалған мобильді аударымдарға қатысты ақпарат алына ма?

— Жоқ, салықшылар былтыр жасалған мобильді аударымдарды тексереді. Ол үшін банктерден кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың басшыларына қатысты ақпарат алынады.

  1. Тексеріс кезінде қандай талаптар ескеріледі?

— Дәл қазір мобильді аударымдардың саны ғана есепке алынады. Мемлекеттік кірістер комитетінің бас сарапшысы Ерсайын Көптілеуұлының айтуынша, ай сайын 100 және одан көп тұлғалардан үш ай қатарынан түскен мобильді аударымдар бақылауға алынады.

«Бұл жерде 100 аударым 100 түрлі адамнан түсуі керек. Мысалы, қаңтар айында 100 түрлі адам, ақпан айында 100 түрлі адам, наурызда 100 түрлі адамнан мобильді аударым түссе, сонда ғана ол назарға ілінеді», — дейді Көптілеуұлы.

  1. Бұған дейін мобильді аударымдардың сомасына да назар аударылады деген. Жалпы сомасы 255 мың теңгеден асуы керек деген ақпарат қайдан шықты?

— Иә, ондай ақпарат бар. Бірақ 255 мың теңгелік шек әлі енгізілген жоқ. Бұл өзгерісті салықшылар ұсынып отыр. Ұлттық банк өз келісімін берсе, мобильді аударымдардың санына ғана емес, сомасына да көңіл бөлінеді.

  1. Кәсіпкер мобильді аударымдар арқылы үш ай қатарынан 100-ден астам төлем алса, не болады?

— Салықшылар алдымен ескерту жібереді. Оны орындауға 30 жұмыс күні беріледі. Осы уақыттың ішінде кәсіпкер қосымша декларацияда табыстың артқанын көрсетіп, салық органдарына жіберуге тиіс. Сосын нақты табыстың салығын төлеу керек. Ескертуден кейін осы шараларды өздігінен жасаған кәсіпкерлерге ешқандай жаза қолданылмайды.

  1. Кәсіпкер ескертуді елемесе, салықшылар не істейді?

— Мемлекеттік кірістер комитетінің ескертуі орындалмаса, салықшылар өздері келіп, тексеріс жасай алады. Кәсіпкердің есепшотттары да бұғатталуы мүмкін.

  1. Неге салықшылар мобильді аударымдарды бақылай бастады?

-2024 жылы Қазақстанда алты айдың ішінде кәсіпкерлердің 76 проценті өз табысын 5 миллион теңгеден төмен деп көрсеткен.

«Енді осы соманы алты айға бөліп көрейікші. Сонда күн сайынғы табыс небәрі 27 мың теңгені құрайды. Ал үйдің жанындағы қай дүкенде ондай табыс болады деп ойлайсыз? Ондай кәсіпкерлердің бәрі өз табысын төмендетіп көрсетіп отыр», — дейді салықшы Дина Құсайынова.

Ұлттық банктің 2023 жылғы есебіне сәйкес, тауар мен қызметтер үшін төлемдердің жалпы көлемі 50,3 трлн теңге болған. Ал мобильді аударымдардың көлемі 80 триллионнан асып түсті.

  1. Қайырымдылыққа арналған мобильді аударымдар бақылана ма?

— Садақа, қайырымдылық немесе біреудің ем-домы үшін жіберілген ақша кәсіпкерлікке жатпайды. Оған салық та салынбайды. Сондықтан ондай мобильді аударымдар бақылауға алынбайды.

  1. Жеке тұлғалардың мобильді аударымдары да бақылауға алына ма?

— Иә, 2026 жылдан бастап жеке тұлғалардың мобильді аударымдары да бақылауға алынады.

  1. Банктер жеке тұлғаларға қатысты қай жылдың ақпаратын жібереді?

— 2026 жылы банктер жеке тұлғалардың 2025 жылда жасаған мобильді аударымдары бойынша барлық ақпаратты салық органдарына ұсынады.

«Аталған шара жасырын кірістер мен тіркелмеген кәсіпкерлерді анықтауға бағытталған, өйткені көптеген кәсіпкер тауарлар, жұмыстар мен қызметтер үшін төлемді кәсіпкерлік қызметке арналмаған жеке шоттарға мобильді аударымдар арқылы қабылдайды», — дейді салықшылар.

Қарттар үйінің қызметкерлері 20 қарияны азаптап, пәтерлерін жалға беріп келген

0

QULAGER.KZ. Павлодарда қарт адамдарды азаптап, алаяқтықпен айналысып келген қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

 

Павлодар қаласының прокуратурасы Полиция департаментімен бірлесіп, мүгедектігі бар зейнеткерлерді үнемі ұрып-соққан жеке пансионатты анықтады.

 

«Пансионат қызметкерлері 20 қарт адамның конституциялық құқығын өрескел бұзған (тамақтануды, қозғалысты шектеді, ұрып-соқты) және ұзақ уақыт бойы қайтыс болған адамдардың пәтерлерін жалға беріп келген. Көрсетілген фактілер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды, оларды тергеп-тексеру ішкі істер органдарына тапсырылды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді», — делінген прокуратура хабарламасында.