HomeТуризмТуризм саласына салынған инвестиция көлемі 27,3 %-ға артты

Туризм саласына салынған инвестиция көлемі 27,3 %-ға артты

Туризм саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 27,3%-ға артты, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

Бұл туралы туризм және спорт министрлігі:

 

«2024 жылдың 11 айында елімізде туризм саласындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 777,4 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 27,3%-ға көп (610,2 млрд теңге)» — деп хабарлады.

 

Инвестициялар көлемінің өсуі 12 өңірде байқалды, көш бастап тұрған өңірлер:

— Астана қаласы – 218,2%-ға өсті;
— Батыс Қазақстан облысы – 94,5%-ға өсті;
— Маңғыстау облысы – 50%-ға өсті;
— Атырау облысы – 183%-ға өсті;
— Түркістан облысы – 43,7%-ға өсті.

Бұл деректер инвесторлардың Қазақстандағы туристік инфрақұрылымды дамытуға қызығушылығы артып жатқанын және саланың капитал тартуда үлкен әлеуетке ие екенін көрсетеді.

 

Ұқсас жазбалар