HomeЖаңалықТүркістанда АӘК тағайындау мәселесі қаралды

Түркістанда АӘК тағайындау мәселесі қаралды

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау бойынша жиын өтті, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Жиын барысында Түркістан қаласында әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарға көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаудың әдіс-тәсілдері талқыланды. Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы жиында бұл көмек түрінің қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті азайту, тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсету және оларды қоғамның белсенді мүшелері ету мақсатында маңызды екенін атап өтті.

 

«Атаулы әлеуметтік көмек – мемлекетіміздің әлеуметтік саясатындағы басым бағыттардың бірі. Бұл көмек, әсіресе, қиын жағдайда жүрген отбасыларға қолдау көрсету, олардың күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандыру, қоғамға интеграциялануына мүмкіндік беру үшін маңызды. Әрбір тұрғынның өз құқығы мен әлеуметтік қолдауды алуына жағдай жасауды, сәйкесінше шынында қажет ететін азаматтарға тағайындалуын қамтамасыз етуіміз керек», – деп атап өтті.

 

Өткен жылы Түркістан қаласында 2242 отбасы, 12984 тұрғын атаулы әлеуметтік көмек алған.

 

Жиынға қатысқан сала басшылары мен жергілікті ұйым өкілдері тарапынан баяндама жасалып, ұсыныс-пкірілері тыңдалды. Әзімбек Пазылбекұлы әлеуметтік көмек көрсету жұмыстарын жүйелі және шынайы түрде жүргізу үшін, азаматтардың тұрмыстық жағдайын толық зерттеу және көмек көрсету шарттарының ашық болуын қамтамасыз ету қажеттігін, көмек алу үдерісін жеңілдету үшін электронды платформаларды пайдалану мен ақпараттық жүйелерді тиімді енгізу мәселелерін айтты.

 

Сонымен қатар, қала басшысы аталған көмекті тағайындау бойынша жергілікті басқару органдары мен әлеуметтік қорғау мекемелері арасындағы үйлесімділікті күшейту қажеттігін айтып, олардың өзара тиімді жұмыс істеуінің маңыздылығына назар аударды.

 

Қаланың әлеуметтік жағдайын жақсарту мен тұрмысы төмен азаматтарға көмек көрсету, әлеуметтік теңсіздікті азайтып, халықтың әл-ауқатын арттыру – Түркістан қаласы әкімдігі үшін басты міндеттердің бірі.

 

Ұқсас жазбалар