Отырар ауданында кезекті аппарат мәжілісі өтті, деп хабарлайды QULAGER.KZ.
Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлының төрағалығымен өткен кезекті аппарат мәжілісінде бірқатар өзекті мәселелер қаралды. Жиынға дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері мен тиісті сала мамандары қатысты.
Аппараттық мәжілістің күн тәртібіне енгізілген ауданның әлеуметтік-экономикалық даму индикаторлық көрсеткіштерінің бекітілген межесі мен орындалуы туралы, 2025 жылға жоспарланған мемлекеттік сатып алу конкурстарын өткізу мен Отырар ауданының 90 жылдық мерейтойын атап өту туралы мәселелер жан-жақты талқыланып, атқарылуы тиісті жұмыстар пысықталды.
Мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Сағынтай Құттыбай, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Еркебұлан Жаймурзаев ауданның 90 жылдық мерейтойын атап өту мақсатында аудандық, облыстық, республикалық деңгейлердегі іс-шаралар жоспары туралы баяндап, атқарылатын жұмыстарға тоқталды.
Аудан әкімі мәжілісте көтерілген әрбір мәселелер бойынша тиянақты жұмыстар жүргізу керектігін жеткізді.
Мәжіліс қорытындысымен арнайы хаттама толтырылып, аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы көтерілген мәселелерге байланысты тиісті сала басшылары мен ауыл әкімдеріне бірқатар тапсырмалар жүктеп, оның орындалуын қатаң бақылауға алуды тапсырды.