Home Blog Page 69

Түркістанда қараусыз қалған ғимараттар мәселесі қаралды

0

Түркістан қаласы аумағындағы қараусыз қалған ғимараттар мәселесі қаралды, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Түркістан қаласы аумағындағы қараусыз қалған ғимараттардың жай-күйі мен атқарылып жатқан жұмыстар бойынша лездемелік мәжіліс өтті.

 

Қала басшысы Әзімбек Пазылбекұлы осыған дейін мемлекеттік құзырлы органдардың қатысуымен арнайы жиын өткізіп, жұмысшы топ құрған болатын. Бүгінде зерделеу жұмыстары нәтижесінде қала аумағында жалпы 70 қараусыз қалған нысан анықталған. Аталған ғимараттардың 12-сі жойылып, қалған ғимараттардың иелерімен ретке келтіру немесе сүру бағытында жұмыс атқарылуда.

 

Қала әкімі аталған жағдайға байланысты бірқатар сын-ескертулер айтып, орындалмаған нысандардың қауіпсіздік деңгейіне ерекше назар аударуды, 20 желтоқсанға дейін толық ретке келтіруді тапсырды. Әсіресе, балалар мен тұрғындардың өмірі мен қауіпсіздігіне төнуі мүмкін қатерлердің алдын алу қажеттігін атап өтті.

 

Сонымен қатар, мәжілісте түнгі жарықтандыру жоқ көшелер мәселесі де қозғалды. Қала аумағында анықталған 38 көшенің 27-сінде жарықтандыру жұмыстары аяқталған. Ал қалған 11 көшеде жұмыстар әлі де жалғасуда. Қала әкімі коммуналдық шаруашылық бөліміне жарықтандыруды толық іске қосуды, адам өмірі мен қауіпсіздігіне аса жауапкершілікпен қарауды, уақытылы орындамаған жауапты тұлғаларға қатаң шара көруді тапсырды.

ТҮРКІСТАН: Жетісай ауданының әкімі жауаптыларға тапсырмалар берді

0

Жетісай ауданының әкімі мәжілісте нақты тапсырмалар берді, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісіне аудан әкімінің орынбасарлары мен аудандық полиция бөлімінің басшысы Мұрат Ермеков, аудандық аумақтық кірістер басқармасының басшысы Серік Жасұзақов пен білім бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Шоқан Адайбеков, қала, кент, ауылдық округ әкімдері мен бөлім басшылары, «ҚазСуШар» РМК Түркістан өндірістік филиалы мен төтенше жағдайлар бөлімінің өкілдері қатысты.

 

Күн тәртібінде бекітілген мәселелер бойынша жауын-шашын салдарынан көшелерді су басуының алдын алу жұмыстары туралы Жетісай қаласының әкімі Нұрлыбек Бахтияров пен Асықата кентінің әкімі Нұралы Жолдасбек, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Қанжар Досаев баяндама жасаса, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Өмірзақ Дүйсебаев пен аудандық аумақтық кірістер басқармасының басшысы Серік Жасұзақов қаржылардың игерілуі мен бюджеттік түсімдердің орындалуына тоқталды.

 

Сонымен қатар, мәжіліс барысында қысқы вегетациялық жұмыстардың атқарылуы мен әскерге шақырудың барысы туралы, «Таза Қазақстан» жалпыхалықтық экологиялық шарасының атқарылуы мен жылыту маусымының барысы туралы, ауыл шаруашылығы саласында су үнемдеу технологиясын ендіру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайлы тиісті сала басшылары баяндама жасап, алдағы атқарылар жұмыстардың жоспарымен таныстырды. Қойылған сұрақтарға жауап берді.

 

Мәжіліс соңында аудан басшысы атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларға баға беріп, орын алған кемшіліктерді жою бойынша нақты ұсыныстар айтты. Әр сала бойынша уақыт белгілеп, олқылықтарды жоюды тапсырды.

Отырардағы проблемалар аппараттық мәжілісте талқыланды

0

Отырар ауданында апталық аппараттық мәжіліс өтті, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Отырарда аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлының төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Аудан әкімі аппаратының кіші мәжіліс залында өткен жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл округтерінің әкімдері, бөлімдер мен мекеме басшылары қатысты.

 

Мәжілістің күн тәртібінде өнеркәсіп және кәсіпкерлік саласында атқарылған жұмыстар мен индикаторлық көрсеткіштердің орындалуы туралы мәселе қаралды. Бұл бағытта кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Ержан Асанұлы Оралбай баяндама жасап, аудан аумағында кәсіпкерлікті дамыту, өндіріс көлемін ұлғайту және инвестиция тарту бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталды.

 

Екінші мәселе бойынша экономика және қаржы бөлімінің басшысы Асқар Жалғасбайұлы Көлбай жыл қорытындысымен бюджеттің болжамды игерілуі және негізгі индикаторлық көрсеткіштердің орындалуы туралы баяндады. Ол бюджеттік бағдарламалардың орындалу барысы мен қаржы тәртібін сақтау мәселелеріне ерекше назар аударды.

 

Сонымен қатар, Көксарай және Шілік ауыл округтеріндегі санитарлық жағдай, сондай-ақ аудан бойынша сайлау учаскелерінің мүгедектігі бар азаматтар үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Аталған бағыттар бойынша ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімінің басшысы Мұрадил Шекербекұлы Кизбаев баяндама жасап, анықталған кемшіліктер мен оларды жою бойынша қабылданатын шаралар туралы ақпарат берді.

 

Мәжіліс барысында өзекті мәселелер аясында жылыту маусымының өтуі, елді мекендерді абаттандыру және «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасының орындалуы секілді мәселелер кеңінен сөз болды. Аталған мәселелер бойынша аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Саттар Жұмаділдәұлы Нәлібай хабарлама жасады.

 

Мәжіліс қорытындысы бойынша аудан басшысы Қайрат Жолдыбайұлы сала басшыларына анықталған кемшіліктерді жедел түрде жоюды, индикаторлық көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ санитарлық тазалық пен абаттандыру жұмыстарына бақылауды күшейтуді тапсырды. Сонымен бірге, әлеуметтік маңызы бар мәселелердің тұрақты бақылауда болатынын атап өтті.

ТҮРКІСТАН: Денсаулық сақтау вице-министрі Кентау қаласында болды

0

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бірінші вице-министрі Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Сламжанович Түркістан облысына жұмыс сапарымен келіп, Кентау қаласында болды.

 

Сапар барысында вице-министр алдымен Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасына қарасты «Кентау орталық қалалық ауруханасы» ШЖҚ МКК-ның жұмысымен танысты. Бүгінгі таңда аурухана заманауи медициналық құрылғылармен толықтырылып, науқастардың сауығу үдерісін жеделдету және медициналық көмектің сапасын арттыру мақсатында жаңа лапароскопиялық жүйелер, видеоэндоскоптар және ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) аппараттары сатып алынған.

 

Сонымен қатар аурухананың А1 корпусында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Негізгі мақсат — ота жасау бөлмелерін «таза аймаққа» (clean room, таза бөлмелер кешені) айналдыру арқылы хирургиялық көмектің қауіпсіздігін арттырып, халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету.

Одан кейін бірінші вице-министр Кентау қалалық емханасының жұмысымен танысып, қабылдау бөлімінен бастап барлық құрылымдық бөлімшелердің қызметін қарап шықты. Емхананың жұмысын оң бағалады.

 

Сондай-ақ Кентау қаласы әкімдігінде денсаулық сақтау мәселелері бойынша тұрғындармен кездесу өтті. Кездесуден кейін вице-министрдің жеке қабылдауы ұйымдастырылып, қабылдауға шамамен 20 азамат келді. Жеке қабылдау барысында тұрғындар жұмысқа орналасу, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС), денсаулық жағдайы және медициналық ұйымдардың жұмысына қатысты мәселелерді көтерді. Барлық өтініштер тыңдалып, жауапты басшыларға нақты тапсырмалар берілді.

 

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Тимур Сұлтанғазиев Кентау қаласындағы денсаулық сақтау саласында атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға беріп, медициналық қызмет сапасын одан әрі арттыруға бағытталған ұсыныстарын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Komatsu компаниясы директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады

0

QULAGER.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Komatsu компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Хироюки Огаваны қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

 

Кездесуде Мемлекет басшысы Komatsu компаниясы еліміздің тау-кен инфрақұрылымын дамытуға елеулі үлес қосып келе жатқан сенімді әрі уақыт тезінен өткен серіктесі саналатынын атап өтті.

 

Президент компанияның Астана қаласында техникаларды күрделі жөндеуге және қайта қалпына келтіруге арналған өндірістік кешен салу туралы шешімін құптады.

 

Хироюки Огава стратегиялық тұрғыдан маңызды нарық саналатын Орталық Азияның әлеуеті жоғары, мүмкіндігі мол екеніне тоқталды. Ол жаңа кешеннің аймақтағы тау-кен компанияларының техникаларын аз уақыт ішінде төмен бағада жөндейтін әрі оларға жедел сервистік қызмет көрсететін өңірдегі ірі хабқа айналатынын мәлімдеді.

 

Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан өндірісті локализациялауға, елдер арасындағы өнеркәсіптік ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін озық технологиялар алуға ниетті.

 

Кездесу барысында маман даярлау мәселесіне баса мән берілді.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев Komatsu компаниясының елімізде операторларға, механиктер мен инженерлерге арналған аймақтық оқыту орталығын ашу туралы бастамасына қолдау білдірді. Сондай-ақ бұл жобаның адами капиталды дамытуға, өнеркәсіптік серіктестікті тереңдетуге зор үлес қосатынын айтты.

 

Komatsu құрылыс, тау-кен, жол және индустрия салаларына қажетті техникалар өндіруге маманданған әлемдегі ең ірі машина жасау корпорацияларының бірі саналады.

Қазақстан Президенті Mitsui компаниясы директорлар кеңесінің төрағасымен кездесті

0

QULAGER.KZ. Қазақстан Президенті Mitsui компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Тацуо Ясунагамен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.

 

Президент Қазақстандағы белсенді қызметі және Жапониямен экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін Mitsui басшылығына ризашылығын білдірді.

 

Қазіргі уақытта кәсіпорын халықаралық жеткізу тізбегін қалыптастыруда, инфрақұрылымды дамытуда, энергетика мен өнеркәсіп салаларын өрістетуде маңызды рөл атқарады.

 

Мемлекет басшысы Қазақстан экономиканың негізгі секторларында Mitsui компаниясының қызмет аясын кеңейтуге ниетті екенін жеткізді. Атап айтқанда, компанияның Астанада күрделі жөндеу және құрал-жабдықтарды қайта қалпына келтіру бойынша өндірістік кешен құрылысына қатысу жоспарын мақұлдады.

 

Сондай-ақ өзара қызығушылық танытқан салалар қатарында аса маңызды минералдар, көлік-логистика, табиғи апаттардың алдын алуға арналған технологияны енгізу бағыттары бар.

 

Қазақстан Президентінің Токиоға сапары аясында Mitsui компаниясымен бірқатар бірлескен жобаларды жүзеге асыру жөнінде меморандумға қол қою жоспарланған.

Мемлекет басшысы Sumitomo компаниясының президентін қабылдады

0

QULAGER.KZ. Мемлекет басшысы Sumitomo компаниясының президенті Шинго Уэноны қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

 

 

Қасым-Жомарт Тоқаев Токиода Жапонияның ірі және ықпалды сауда-инвестициялық корпорацияларының бірі саналатын Sumitomo жетекшісімен кездесті.

 

Қазақстан Президенті еліміз Sumitomo корпорациясының орнықты даму мен бизнестің жауапкершілігін арттыруға бейілдігін жоғары бағалайтынын, сондай-ақ компанияны ұзақ мерзімді серіктес ретінде қарастыратынын атап өтті.

 

Шинго Уэно Мемлекет басшысына «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясымен бірлескен жобаны іске асыру жайында мәлімет берді. Аталған жоба ядролық медицина саласында уран өнімдерінен ем-шараға қолдануға арналған радий изотоптар алудың ғылыми-негіздемелік әдістерін әзірлеуді қарастырады.

 

Кездесуде көлік-логистика, энергетика, атом өнеркәсібі, металлургия және геологиялық барлау салаларында бірлескен инвестициялық бастамаларды жүзеге асыру перспективасы талқыланды.

Президент Токионың Төтенше жағдайлар жөніндегі ахуалдық орталығын аралап көрді

0

QULAGER.KZ. Президент Токионың Төтенше жағдайлар жөніндегі ахуалдық орталығын аралап көрді, деп хабарлайды Ақорда.

 

Бұл азаматтық қорғаныс пен қаладағы қауіп-қатерлердің алдын алудың негізгі жүйесі саналады.

 

Орталықтың басты міндеті – қаладағы ахуалға ұдайы мониторинг жүргізу, төтенше жағдай кезінде билік органдарының іс-әрекетін үйлестіру, ықтимал қатер мен орын алған апаттар (жер сілкінісі, тайфун, су тасқыны, ірі техногендік апаттар, лаңкестік актілер) туралы ақпараттарды талдау.

 

БАҚ пен әлеуметтік желілердегі жалған ақпараттың таралуына қарсы іс-қимылға баса көңіл бөлінеді. Бұл жұмыспен тәулік бойы мониторинг жүргізетін арнайы бөлімше шұғылданады.

 

Ал күнделікті өмірде кешен дағдарыс жағдайларын басқару жүйелерін жоспарлау және жетілдіру, азаматтық қорғаныстың өңірлік жоспарын әзірлеу, оқу-жаттығу жиындарын дайындау және өткізу, халықты құлақтандыруға, апаттардың салдарын жоюға арналған ақпараттық жүйелерді дамыту ісімен айналысады.

Мемлекет басшысы Токио губернаторымен кездесті

0

QULAGER.KZ. Мемлекет басшысы Токио губернаторы Юрико Коикэмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Ақорда.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Юрико Коикэ цифрландыру, Smart city технологияларын және қаланы орнықты дамыту, жасанды интеллект, шаһарды басқару ісіне инновациялық шешімдерді енгізу салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

 

Сонымен қатар мегаполистердің тұрғындары мен қонақтары үшін анағұрлым жайлы, экологиялық тұрғыдан таза, қауіпсіз және инклюзивті орта қалыптастыру жайын қарастырды.

 

Мемлекет басшысы қаланы басқару ісіне жасанды интеллектіні енгізу бойынша екі ел астаналары арасындағы ынтымақтастықтың әлеуеті зор екеніне тоқталды.

 

Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаевқа Токио қаласының Smart city тұжырымдамасы таныстырылды. Жоба халықтың тұрмыс сапасын жақсартуды, шаһарды басқару тиімділігін арттыруды және орнықты даму үшін озық технологияларды пайдалануды көздейді.

ТҮРКІСТАН: Мүгедектегі бар азаматтарды қолдау жұмыстары жүйелі жүргізілуде

0

Түркістан облысында мүгедектегі бар азаматтарды әлеуметтік қолдау жұмыстары  жүйелі жүргізілуде, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Түркістан облысында мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қорғау және әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында жұмыстар атқарылуда. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте мүгедектігі бар азаматтардың әлеуметтік қорғалуы және өзекті мәселелері  талқыланды.

 

Жиында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мекенхан  Қозыханұлы баяндама жасады.  Оның айтуынша, қазіргі таңда басқармаға қарасты 12 коммуналдық мемлекеттік мекеме мүгедектігі бар азаматтарға түрлі  қызметтер көрсетуде.

 

Қазіргі таңда республика бойынша 737,4 мың мүгедектігі бар адам тіркелсе, оның 102 401-і Түркістан облысында   есепте тұр.  Бұл көрсеткіш  облыс халқының 4,6%-ын, ал республикадағы мүгедектігі бар адамдардың 14% құрайды.

 

Түркістан облысында мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қорғау және әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында биыл жалпы көлемі 19,6 млрд теңге қаржы бөлінген. Соныман қатар ерекше қажеттілігі бар адамдарды оңалту бағдарламасы аясында көрсетілетін қызметтерді қаржыландыру үшін 2026-2028 жылдарға жалпы 44,3 млрд теңге қарастырылып отыр. Енді бұл қаржы келесі жылдан бастап аудандық және қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің балансына беріледі. Осыған байланысты бөлінген қаржының мақсатты әрі тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін мониторинг жүргізу жоспарланған.

 

Облыс әкімі Нұралхан Көшеров бұл бағыттағы жұмыстарды ширатып, көмекке мұқтаж азаматтарды қолдау бағытында жанашырлықпен жұмыс істеу қажеттігін атап өтті. Жауапты басқармалар мен мекеме басшыларына  әлеуметтік қолдауды күшейту жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді.