HomeҚоғамОтырардағы проблемалар аппараттық мәжілісте талқыланды

Отырардағы проблемалар аппараттық мәжілісте талқыланды

Отырар ауданында апталық аппараттық мәжіліс өтті, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Отырарда аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлының төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Аудан әкімі аппаратының кіші мәжіліс залында өткен жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл округтерінің әкімдері, бөлімдер мен мекеме басшылары қатысты.

 

Мәжілістің күн тәртібінде өнеркәсіп және кәсіпкерлік саласында атқарылған жұмыстар мен индикаторлық көрсеткіштердің орындалуы туралы мәселе қаралды. Бұл бағытта кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Ержан Асанұлы Оралбай баяндама жасап, аудан аумағында кәсіпкерлікті дамыту, өндіріс көлемін ұлғайту және инвестиция тарту бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталды.

 

Екінші мәселе бойынша экономика және қаржы бөлімінің басшысы Асқар Жалғасбайұлы Көлбай жыл қорытындысымен бюджеттің болжамды игерілуі және негізгі индикаторлық көрсеткіштердің орындалуы туралы баяндады. Ол бюджеттік бағдарламалардың орындалу барысы мен қаржы тәртібін сақтау мәселелеріне ерекше назар аударды.

 

Сонымен қатар, Көксарай және Шілік ауыл округтеріндегі санитарлық жағдай, сондай-ақ аудан бойынша сайлау учаскелерінің мүгедектігі бар азаматтар үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Аталған бағыттар бойынша ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімінің басшысы Мұрадил Шекербекұлы Кизбаев баяндама жасап, анықталған кемшіліктер мен оларды жою бойынша қабылданатын шаралар туралы ақпарат берді.

 

Мәжіліс барысында өзекті мәселелер аясында жылыту маусымының өтуі, елді мекендерді абаттандыру және «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасының орындалуы секілді мәселелер кеңінен сөз болды. Аталған мәселелер бойынша аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Саттар Жұмаділдәұлы Нәлібай хабарлама жасады.

 

Мәжіліс қорытындысы бойынша аудан басшысы Қайрат Жолдыбайұлы сала басшыларына анықталған кемшіліктерді жедел түрде жоюды, индикаторлық көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ санитарлық тазалық пен абаттандыру жұмыстарына бақылауды күшейтуді тапсырды. Сонымен бірге, әлеуметтік маңызы бар мәселелердің тұрақты бақылауда болатынын атап өтті.

Ұқсас жазбалар