Жетісай ауданының әкімі мәжілісте нақты тапсырмалар берді, деп хабарлайды QULAGER.KZ.
Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісіне аудан әкімінің орынбасарлары мен аудандық полиция бөлімінің басшысы Мұрат Ермеков, аудандық аумақтық кірістер басқармасының басшысы Серік Жасұзақов пен білім бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Шоқан Адайбеков, қала, кент, ауылдық округ әкімдері мен бөлім басшылары, «ҚазСуШар» РМК Түркістан өндірістік филиалы мен төтенше жағдайлар бөлімінің өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде бекітілген мәселелер бойынша жауын-шашын салдарынан көшелерді су басуының алдын алу жұмыстары туралы Жетісай қаласының әкімі Нұрлыбек Бахтияров пен Асықата кентінің әкімі Нұралы Жолдасбек, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Қанжар Досаев баяндама жасаса, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Өмірзақ Дүйсебаев пен аудандық аумақтық кірістер басқармасының басшысы Серік Жасұзақов қаржылардың игерілуі мен бюджеттік түсімдердің орындалуына тоқталды.
Сонымен қатар, мәжіліс барысында қысқы вегетациялық жұмыстардың атқарылуы мен әскерге шақырудың барысы туралы, «Таза Қазақстан» жалпыхалықтық экологиялық шарасының атқарылуы мен жылыту маусымының барысы туралы, ауыл шаруашылығы саласында су үнемдеу технологиясын ендіру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайлы тиісті сала басшылары баяндама жасап, алдағы атқарылар жұмыстардың жоспарымен таныстырды. Қойылған сұрақтарға жауап берді.
Мәжіліс соңында аудан басшысы атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларға баға беріп, орын алған кемшіліктерді жою бойынша нақты ұсыныстар айтты. Әр сала бойынша уақыт белгілеп, олқылықтарды жоюды тапсырды.

