Home Blog Page 65

Мемлекет басшысы Бибісара Асаубаеваны әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бибісара Асаубаеваны шахматтың блиц түрінен әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

– Бибісара Асаубаева Қазақстаннан шыққан блицтен үш дүркін әлем чемпионы және майталман шебер ретінде дүниежүзілік шахмат тарихына енді.

Қазақстандық шахмат қауымдастығы мемлекетіміздің көк туын жаһандық аренада биік желбіреткен отандасымыздың жеңісін мақтан тұтады.

Бибісара Асаубаеваның халықаралық жарыстардағы айтулы жетістіктері мен ел шахматын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін оны ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы шешім қабылдадым, – делінген құттықтауда.

САУРАН: ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

0
Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімін басқаруға мемлекеттік қызметші Калеке Марат Ержанұлы тағайындалды. Жаңа басшының кандидатурасы кәсіби тәжірибесі мен ішкі саясат саласындағы ұзақ жылдық еңбегіне байланысты қолдау тапты.
Марат Ержанұлы 1993 жылғы 8 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2015 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін, ал 2017 жылы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін тәмамдаған. Мамандығы — мемлекеттік және жергілікті басқару, экономика саласы.
Мемлекеттік қызметке 2016 жылы қабылданып, алғашқы еңбек жолын Түркістан қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінде бас маман міндетін атқарушы ретінде бастаған. Кейін осы бөлімде бас маман, жетекші маман, сондай-ақ дін мәселелері және ұлтаралық қатынастар секторының бас маманы қызметтерін атқарды.
2019 — 2021 жылдары Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасында мемлекеттік идеологияны және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттау бағытында жұмыс істеді. 2021 жылдан бастап Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінде сектор меңгерушісі қызметін атқарып келді. 2025 жылдың шілде айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Ішкі саясат бөлімінің басшысының міндетін уақытша атқарушы болды.

ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ

0
Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Әли Әбдікәрімұлы Бектаев пен Мұрат Болатұлы Түркістан қаласына іс-сапары аясында қала активімен кездесті.
Кездесу барысында Түркістан қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымды жаңғырту, ауыл шаруашылығы саласын қолдау, құқықтық жүйені жетілдіру, сондай-ақ тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытындағы өзекті мәселелерді талқылады.
Жиында қала басшысы Әзімбек Пазылбекұлы Түркістанды жан-жақты дамыту, оның тарихи-мәдени әлеуетін сақтау және заманауи, қолайлы инфрақұрылымы бар қала ретінде қалыптастыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар жайын баяндап, қала аумағында әлеуметтік нысандар салу, инженерлік инфрақұрылымды жетілдіру, жол желілерін жаңарту және кәсіпкерлікті қолдау бағытында бірқатар ірі жобаларға тоқталды.
Кездесу барысында қала басшысы Сенат депутаты Әли Бектаев Түркістан қаласының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін арнайы төсбелгісімен марапаттады.
Сондай-ақ, кездесу барысында Түркістан қаласының Құрметті азаматы, жазушы Құлбек Ергөбек Түркістан қаласына Ерекше мәртебе туралы Заң аясында Алаш зиялыларына арналған музей ашу бойынша ұсыныс білдірді. Аталған бастама қаланың тарихи-рухани мұрасын сақтау және жас ұрпаққа ұлт зиялыларының еңбегін кеңінен таныту бағытындағы маңызды қадам екенін атап өтті.
Жиын соңында қала әкімі Түркістан қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған бастамаларға Парламент тарапынан қолдаулары үшін алғыс білдіріп, алдағы уақытта да өзара тығыз ынтымақтастықта жұмыс атқаруға дайын екенін жеткізді.

Кентау қаласына Сенат депутаттары жұмыс сапарымен келді

0
Кентау қаласына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Әли Бектаев пен Мұрат Қадырбек жұмыс сапарымен келді. Халық қалаулылары қала басшылығымен бірге бірқатар өндірістік нысандарды аралап, өңірдің даму барысымен танысты.
Ең алдымен қаладағы «Кентау трансформатор зауытына» барудан басталды. Депутаттар кәсіпорын ұжымымен кездесіп, жұмысшылармен ашық пікір алмасты. Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауының маңызы атап өтіп, ел экономикасының дамуы мен халықтың әл-ауқатының артуында еңбек адамдарының рөлі ерекше екені айтылды.
Одан кейін халық қалаулылары Кентау қаласында жуырда іске қосылған «TURAN SHENHUA» газ қазандықтарын өндіру зауытының жұмысымен танысты. Заманауи технологиялармен жабдықталған кәсіпорынның өндірістік әлеуеті, жаңа жұмыс орындарының ашылуы мен отандық өндірісті дамытудағы үлесі сөз болды.
Жұмыс сапары аясында депутаттар жергілікті ақсақалдармен және қалалық маслихат депутаттармен де кездесті. Кездесу барысында Парламент қабырғасында атқарылып жатқан жұмыстар, қабылданып жатқан заңдар мен алдағы жоспарлар жөнінде ақпарат берілді. Сонымен қатар, айтылған ұсыныс-пікірлер мен өзекті мәселелер мұқият тыңдалып, оларды депутаттық сауалдар арқылы тиісті деңгейде көтеруге және шешімін табуға ықпал ететіндерін жеткізді.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 30 АУЫЛ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН СУ ЖҮЙЕСІНЕ ҚОСЫЛДЫ

0
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен облыстағы су беру мекемелерін оңтайландыру мәселесіне арналған мәжіліс өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары, аудан және қала әкімдері, салалық мекемелердің жетекшілері қатысты.
Мәжілісте облыстағы қалалар мен ауылдық елді мекендердің ауыз сумен қамтылуы 100 пайызға жеткені атап өтілді. Дегенмен тұрғындарды таза ауыз сумен тұрақты әрі сапалы қамтамасыз ету, су беру қызметінің тиімділігін арттыру қажеттігі күн тәртібіне қойылды.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша жауапты басқарма басшысы мен су саласына қатысты мекеме өкілдері баяндама жасап, өңірдегі су беру кәсіпорындарының қазіргі қызметін ұзақ мерзімді даму талаптарына сәйкестендіру бойынша ұсыныстарын жеткізді. Орталықтандырылған басқару тетігінің болмауы әртүрлі тарифтердің қалыптасуына, нақты даму жоспарларының бекітілмеуіне және бюджетке қосымша салмақ түсуіне алып келуде. Осыған байланысты су беру кәсіпорындарын оңтайландыру – стратегиялық әрі міндетті қадам екені айтылды.
Жиында кейбір аудан және қала әкімдерінің инвестициялық бағдарламаларды бекітпеуі, су құбырлары желілерінің тозу деңгейі, саланы цифрландырудың баяу жүруі, су жоғалтудың нақты есепке алынбауы мәселелері қатаң сынға алынды. Бүгінде өңірдегі 17 коммуналдық су беру мекемесінің 12-сінде инвестициялық бағдарлама бар, қалғандары да осы бағытта жұмыс жүргізеді. Су саласын білікті мамандармен қамту мәселесі де бақылауға алынады.
Мәжіліс қорытындысында облыс әкімі Нұралхан Көшеров «Бірыңғай басқарушы мекеме» құру бойынша әзірленген кешенді Жол картасындағы іс-шараларды мерзімдеріне сай толық атқаруды тапсырды.
Айта кетейік, 2025 жылы облыста ауыз су құбыры мүлдем болмаған 30 елді мекен орталықтандырылған су жүйесіне қосылды. 37 елді мекеннің тозған су желілері жаңартылды. Нәтижесінде халықты ауыз сумен қамту деңгейі 100%-ға жеткізілді (801 елді мекен, 2,1 млн. тұрғын).

ТҮРКІСТАН: Жетісайда 1 ауыл мен 2 шекара бөлімшесі табиғи газға қосылды

0
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ауылдарды дамыту, инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сапасын арттыру жөнінде тапсырмасына сәйкес бүгін Жетісай ауданында 1 елді мекен мен 2 шекара бөлімшесі табиғи газға қосылды. Салтанатты шараға қатысқан аудан әкімі Серік Мамытов тұрғындар мен шекарашылардың қуаныштарымен бөлісті.
Республикалық бюджеттен қаралған 926771 мың тенгеге құрылысы жүргізілген Қызылқұм ауылдық округіне қарасты Датқа елді мекенінің газ құбырының ұзындығы 21,9 шақырымды құрайды. 80 үйлі шағын ауылда 479 тұрғын бар.
Одан бөлек, ҰҚК Шекара қызметі департаменті нысандарының инфрақұрылымын жетілдіру бойынша «Жол картасы» бағдарламасы шеңберінде жергілікті қазынадан қаралған тиісті қаржы есебінен «Нұрлы жол» және «Жаңа ауыл» шекара бөлімшелерінің жылыту қазандықтары табиғи газбен жылытылатын модульді қазандықтарға ауыстырылып, көгілдір отынға қосылды.
Тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру, қолайлы орта қалыптастыру, елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту мақсатында атқарылған жұмыстардың нәтижесінде өткен жылы аудандағы 4 елді мекенге газ берілсе, биыл 15-ші елді мекенге газ беріліп отыр. Одан бөлек 3 нысанның құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатса, тағы 10 елді мекенге жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.

2025 жылы мемлекеттік органдар 130-дан астам кәсіптік стандарттарды әзірлеп, қайта қарады

0
2025 жылы мүдделі мемлекеттік органдар 132 кәсіптік стандарт әзірлеп, өзектендірді, олар 1,1 мыңнан астам кәсіпті қамтыды, оның 600 – і жұмысшылар, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Бүгінгі таңда кәсіптік стандарттар тізілімінде 4,5 мыңнан астам кәсіпті қамтитын 864 кәсіби стандарт бар.
2025 жылы кәсіптік стандарттарды әзірлеу және қайта қарау жұмысшы кәсіптеріне баса назар аудара отырып, сондай-ақ генеративті жасанды интеллект пен технологияларды дамытудың еңбек мазмұны мен мамандарға қойылатын талаптарға әсерін ескере отырып жүргізілді.
Жаңа кәсіптік стандарттар виртуалды дизайнер, цифрлық дизайнер (BIM маманы), ұшқышсыз авиациялық жүйелер операторы, виртуалды және кеңейтілген шындық маманы (VR/AR), киберқауіпсіздік инспекторы және т.б. сияқты сұранысқа ие мамандықтарды көрсетеді.
«Өндірісті кадрларды даярлаудың әдеттегі тәсілдерін жаңартуға қарағанда технологияның қарқынды дамуы тезірек өзгертеді. Сондықтан кәсіптік стандарттар еңбек нарығы мен білім беру жүйесі үшін практикалық анықтамалыққа айналады. Бұл тұрақты өсу мен біліктілікке деген сенімнің негізі», – деп атап өтті «ЕРДО» АҚ президенті Ерасыл Жұманбаев.
Жаңа кәсіптік стандарттарды әзірлеу қажеттілігін айқындау немесе қолданыстағы кәсіптік стандарттарды қайта қарау жөніндегі жұмысты мүдделі мемлекеттік органдар жанындағы 50-ден астам салалық кеңес жүргізеді. Оларға 900-ден астам адам кіреді, олардың ішінде мемлекеттік органдардың, жұмыс берушілердің, салалық бірлестіктердің (қауымдастықтардың, одақтардың), оқу-әдістемелік бірлестіктердің және т. б. өкілдері бар.
Таяу болашақта сұранысқа ие кәсіптерді кәсіптік стандарттармен 100% қамтуды қамтамасыз ету жоспарлануда. Өнеркәсіпте, құрылыста, ауыл шаруашылығында және көлікте ең үлкен қажеттілік қалыптасады деп күтілуде.
2030 жылдан бастап еңбек қатынастары жүйесінде кәсіптік стандарттарды қолдану міндетті болатынын ескере отырып, біліктілік анықтамалықтарынан кәсіптік стандарттарға біркелкі көшуді қамтамасыз ету және жұмыс берушілер мен жұмыскерлер үшін біліктілік талаптарының өзгеруіне байланысты тәуекелдерді алдын ала төмендету басымдық болып табылады.

Үйді апаттардан сақтандыру және онлайн платформаларды реттеу: 2026 жылға арналған жоспарлар

0
Заң жобалау жұмыстарының 2026 жылға арналған жоспарының жобасы азаматтарды цифрлық трансформациялау және әлеуметтік қорғау жөніндегі міндеттерді ескере отырып жасақталды, деп хабарлайды UKIMET телеграм арнасы.
Мемлекет басшысының Жолдауы мен тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде заң жобалау жұмыстарының 2026 жылға арналған жоспары әзірленді. Үкімет отырысында азаматтардың мүлкін қорғауға және жаңа технологияларды дамытуға арналған алдағы уақыттағы заңнамалық бастамалар туралы әділет министрі Ерлан Сәрсембаев баяндады.
Жоспарда 12 заң жобасын әзірлеу қарастырылған, олардың негізгілері нақты әлеуметтік және экономикалық міндеттерді шешуге бағытталған. Әлеуметтік қорғау саласында тұрғын үйді табиғи апаттардан міндетті сақтандыру туралы заң, сондай-ақ еңбек заңнамасына және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне түзетулер әзірленіп жатыр.
Президенттің тапсырмаларын орындау шеңберінде мемлекеттік мүлік мәселелері бойынша түзетулер және онлайн-платформалар мен масс-медиа мәселелері туралы заңнама дайындалуда. Өнеркәсіп блогында мұнай-газ химиясы өнеркәсібі туралы заң жобасын енгізу жоспарланып отыр.
«Парламентке бірінші жартыжылдықта 5, екінші жартыжылдықта 7 заң жобасын енгізу жоспарланған. Президенттің әлеуметтік салаға да, цифрлық дамуға да қатысты тапсырмаларын сапалы пысықтауға басымдық берілді», – деп атап өтті министр.

Қазақстандық спортшылар XXV Қысқы Олимпиада ойындарында 10 спорт түрінен бақ сынайтын болады

0
ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Үкімет отырысында 6-22 ақпан аралығында Италияның Милан және Кортина-Д’Ампеццо қалаларында өтетін XXV Қысқы Олимпиада ойындарына қазақстандық спортшылардың дайындық барысы туралы баяндады, деп хабарлайды UKIMET телеграм арнасы.
Министр жарысқа 93 елден 3 мыңға жуық спортшының қатысуы жоспарланып отырғанын атап өтті. Барлығы 116 марапаттар жиынтығы ойналады. Қазақстанның ұлттық командасы 10 спорт түрі бойынша 58 медалға таласады. Олардың қатарында биатлон, конькимен жүгіру, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, тау шаңғы спорты, шаңғы қоссайысы, шаңғы жарыстары, шаңғымен трамплиннен секіру, фристайл-могул және фристайл-акробатика бар.
«Салтанатты ашылу рәсімі 2026 жылдың 6 ақпанында Милан қаласында өтеді, ал жабылу салтанаты 22 ақпанда Верона қаласында ұйымдастырылуы жоспарланған. Ойындар бағдарламасы конькимен жүгіру және шаңғы жарысы спортшыларының өнер көрсетуімен басталады. Соңғы кезеңде тау шаңғысы бойынша жарыстары өтеді», – деді Ербол Мырзабосынов.
Оның сөзінше болжамға сәйкес, ұлттық команданың құрамында 35-ке жуық спортшы болады деп күтілуде. 2022 жылы Пекинде өткен қысқы Олимпиада ойындарында еліміздің намысын 34 спортшы қорғаған.
«Қазіргі уақытта Софья Самоделкина мен Михаил Шайдоровтың мәнерлеп сырғанаудан 2 жеке ресми Олимпиада лицензиялары бар. Сонымен қатар, спортшыларымыз шорт-тректен 9, конькимен жүгіруден 12 лицензия жеңіп алды, – деді Ербол Мырзабосынов.
Елімізде қысқы олимпиадалық спорттың 13 түрі дамып жатыр. Олардың тұрақты дамуын қамтамасыз ету және олимпиадалық резервті дайындау мақсатында спорттық инфрақұрылымды кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде қысқы спорт түрлеріне арналған 1262 спорт нысаны бар. Құрылған инфрақұрылым қысқы спорт түрлерінің қолжетімділігін қамтамасыз етеді және олардың кеңінен дамуына ықпал етеді.

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

0
Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің ұлттық энергетикалық жүйенің орнықтылығына арналған отырысы өтті, деп хабарлады Ақорда.
Жиында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов және бірқатар мемлекеттік органдардың басшылары баяндама жасады.
Президент энергетикалық қауіпсіздік еліміздің тәуелсіздігі мен экономикалық орнықтылығын қамтамасыз ететінін атап өтті.
Бүгінде Қазақстанның электр қуатын өндіруге қажетті ресурстары жеткілікті. Дегенмен сұраныстың ұдайы артуы қуат көздерін ұтымды әрі оңтайлы пайдалануды талап етеді.
Кеңесте отандық электр қуатын қажеттілікке қарай икемдеп өндіру мәселесі қозғалды. Соның ішінде газ генерациясы, энергия сақтау жүйелерін дамыту жоспарларымен қатар гидроэнергетиканың әлеуеті өзекті саналады.
Мемлекет басшысының айтуынша, аграрлық секторға, өнеркәсіп пен экономиканың басқа да салаларына су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізу маңызды.
Сонымен қатар саланың ғылыми-техникалық және кадрлық жай-күйіне айрықша назар аударылды. Кәсіби кадрларды даярлау гидроэнергетика бағытындағы ғылыми-зерттеу базасын дамыту үшін де керек.
Жиын соңында Үкіметке және өңір әкімдеріне отандық энергетика жүйесінің тұрақтылығына қатысты мәселелерді жан-жақты шешу тапсырылды.