HomeЖаңалықҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Әли Әбдікәрімұлы Бектаев пен Мұрат Болатұлы Түркістан қаласына іс-сапары аясында қала активімен кездесті.
Кездесу барысында Түркістан қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымды жаңғырту, ауыл шаруашылығы саласын қолдау, құқықтық жүйені жетілдіру, сондай-ақ тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытындағы өзекті мәселелерді талқылады.
Жиында қала басшысы Әзімбек Пазылбекұлы Түркістанды жан-жақты дамыту, оның тарихи-мәдени әлеуетін сақтау және заманауи, қолайлы инфрақұрылымы бар қала ретінде қалыптастыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар жайын баяндап, қала аумағында әлеуметтік нысандар салу, инженерлік инфрақұрылымды жетілдіру, жол желілерін жаңарту және кәсіпкерлікті қолдау бағытында бірқатар ірі жобаларға тоқталды.
Кездесу барысында қала басшысы Сенат депутаты Әли Бектаев Түркістан қаласының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін арнайы төсбелгісімен марапаттады.
Сондай-ақ, кездесу барысында Түркістан қаласының Құрметті азаматы, жазушы Құлбек Ергөбек Түркістан қаласына Ерекше мәртебе туралы Заң аясында Алаш зиялыларына арналған музей ашу бойынша ұсыныс білдірді. Аталған бастама қаланың тарихи-рухани мұрасын сақтау және жас ұрпаққа ұлт зиялыларының еңбегін кеңінен таныту бағытындағы маңызды қадам екенін атап өтті.
Жиын соңында қала әкімі Түркістан қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған бастамаларға Парламент тарапынан қолдаулары үшін алғыс білдіріп, алдағы уақытта да өзара тығыз ынтымақтастықта жұмыс атқаруға дайын екенін жеткізді.

Ұқсас жазбалар