Home Blog Page 63

Кентау қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

0

Медеуов Нұрдаулет Данабайұлы ішкі конкурс нәтижесі бойынша қала әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Қала әкімі Жандос Тасов қала әкімдігінің активіне таныстырып, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

 

Нұрдаулет Данабайұлы 1988 жылы 21 қыркүйекте Түркістан облысы Қазығұрт ауданы, Қазығұрт ауылында дүниеге келген.

 

Еңбек жолы:

04.11.2013 — 02.12.2015 жж. «Оңтүстік Қазақстан облысының туризмін дамыту ассоциациясы» ҚБ директорының міндетін атқарушы.

10.03.2016 – 11.01.2017 жж. Астана қаласының білім басқармасы «Жас саяхатшылар станциясы» КММ нұсқаушы;

11.01.2017 – 23.06.2017 жж. Астана қаласының әкімдігі «Балалар мен жасөспірімдер туризмі және өлкетану орталығы» МКҚК нұсқаушы;

01.07.2017-31.12.2018жж. Маңғыстау облысы «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы, «Бастау» жобасы, бизнес тренер

03.01.2019 – 14.10.2019 жж. Түркістан облысы туризм және сыртқы байланыстар басқармасы «Turkistan Tourism Center» туристік ақпараттық орталығы КММ басшы орынбасары;

14.10.2019 – 29.04.2020 жж. Түркістан облысы туризм басқармасы «Turkistan Tourism Center» туристік ақпараттық орталығы» КММ басшы орынбасары;

12.08.2020 – 31.08.2020 жж. Түркістан облысының туризм басқармасы, Туризмді дамыту бөлімінің бас маманның м.а;

01.09.2020 – 27.10.2020 жж. Түркістан облысының туризм басқармасы, Туристік жабаларды іске асыру бөлімінің бас маманның м.а;

28.10.2020 – 19.11.2020 жж. Түркістан облысының туризм басқармасы, Туристік жобаларды жоспарлау және жүзеге асыру бөлімі басшысының м.а.;

20.11.2020 – 02.11.2021 жж. Түркістан облысының туризм басқармасы, туристік жобаларды жоспарлау және жүзеге асыру бөлімінің басшысы;

03.11.2021- 24.03.2023 жж. Түркістан облысының туризм басқармасы, туристік жобаларды жоспарлау және жүзеге асыру бөлімінің басшысы;

24.03.2023 – 28.01.2024 жж. Түркістан облысының мәдениет және туризм басқармасы, Туризмді дамыту және туристік жобаларды іске асыру бөлімінің басшысы;

28.01.2024 – 01.07.2024 жж. Түркістан облысының мәдениет және туризм басқармасы басшысының орынбасары;

01.07.2024 – 22.09.2024 жж. Түркістан облысының мәдениет басқармасы басшысының орынбасары;

23.09.2024 – 08.01.2026жж. Түркістан облысының туризм басқармасы басшысы болып қызмет атқарған.

Франция мен Бельгияға «Горетти» дауылы соқты. Ауа райы күрт нашарлады

0

QULAGER.KZ. Бельгия мен Францияның кей аймақтарына «Горетти» дауылы соғып, ауа райы күрт нашарлады, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

 

Дауыл соңы жаңбыр мен қарға ұласып, желдің екпіні күшейді. Францияның Манш департаментінің солтүстік-шығыс жағалауындағы Барфлерде жел екпіннің жылдамдығы сағатына 213 км-ге (130 миль/сағ) жетті.

 

Францияның солтүстігінде және батысында жиырмаға жуық департамент жоғары дабыл жариялады (қызғылт сары дабыл деңгейі).

 

Бретань, Нормандия және Пай-де-ла-Луар аймағына пойыз қатынасы тоқтатылды.

 

Манш және Сена-Маритим департаменттерінде мектептер жабылды.

 

Сонымен қатар, Бретаньде шамамен 20 000 үй, Пай-де-ла-Луар департаментінде 7000 үй және Нормандияда 5000 үй, жалпы ел бойынша 50 000 үй жарықсыз қалды.

 

Брюссельде билік ағаштар тұрғындардың үстіне құлап кетуі мүмкін деп қауіптеніп, барлық қоғамдық саябақтар мен алаңдарды жабуды бұйырды.

 

— Брюссель аймағы барлық алаңдарды, саябақтарды және Сонян орманын жауып жатыр. Желдің екпіні сағатына 70-тен 90 км-ге дейін жетуі мүмкін. Брюссель қоршаған ортаны қорғау агенттігінің мәліметі бойынша, бұл келушілердің қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін, — деп мәлімдеді билік.

Шымкенттің экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахымов жаңа қызметке тағайындалды

0

QULAGER.KZ. 2025 жылғы 29 желтоқсанда АҚ «Samruk-Kazyna Construction» Басқарма төрағасының эксплуатация жөніндегі орынбасары лауазымына Ғабидолла Әбдірахымов тағайындалды, деп жазады KAZINFORM.

 

Ғабидолла Әбдірахымов экономикалық және басқарушылық білімі бар, соның ішінде «Болашақ» бағдарламасы аясында мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алған.

 

Ол мемлекеттік қызмет жүйесінде, Президент Әкімшілігінде, Қазақстан Үкіметінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарған, сондай-ақ Шымкент қаласының әкімі және мәдениет және спорт вице-министрі болып жұмыс істеген.

 

Айта кету керек, Ғабидолла Әбдірахымов «Samruk-Kazyna Construction» басқармасының мүшесі емес.

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ пен Болгария елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

0

QULAGER.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ пен Болгария елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады, деп хабарлады Ақорда.

 

Ақорда резиденциясында АҚШ елшісі Джули Стаффт пен Болгария елшісі Георги Воденскидің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті.

 

Мемлекет басшысы Болгария елшісі арқылы Президент Румен Радевке сәлемін жолдап, оның былтыр елімізге жасаған ресми сапары екіжақты қарым-қатынасқа айтарлықтай тың серпін бергенін айтты.

 

– Сіздің еліңізбен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделіміз. Саяси, сондай-ақ экономикалық бағыттағы ықпалдастық аясын кеңейту үшін қолдан келген мүмкіндіктің бәрін жасаймыз, – деді Қазақстан Президенті.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев Джули Стаффтпен әңгімелесу барысында АҚШ-қа жасаған сапары табысты өткенін ықыласпен еске алды.

 

– Президент Дональд Трамп мырзамен достық рәуіште мазмұнды әңгіме өрбітіп, келіссөздер жүргіздік. Таяуда біз телефон арқылы емен-жарқын сөйлесіп, екіжақты ынтымақтастығымызға қатысты көптеген мәселені талқыладық. Мені жыл соңында Құрама Штаттарда өтетін G20 саммитіне қатысуға шақырғаны үшін алғыс айтамын. Біз көптеген саладағы стратегиялық серіктестігімізді дамытып, нығайтуға күш саламыз, – деді Мемлекет басшысы.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев елшілерді дипломатиялық миссияларының ресми түрде басталуымен құттықтап, олардың мемлекеттері басшыларына ізгі тілегін жолдады.

ТҮРКІСТАН: ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БОЙЫНША АРНАЙЫ ЖИЫН ӨТТІ

0

Түркістан қаласында тұрғын үй құрылысын жүйелі дамыту, халықты баспанамен қамту және көпқабатты тұрғын үйлердің сапалы әрі уақытылы салынуын қамтамасыз ету бағытында қарқынды жұмыстар атқарылып келеді. Осы мақсатта қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен қала аумағында жүзеге асырылып жатқан тұрғын үй жобаларының қазіргі жай-күйі мен алдағы жоспарларын талқылауға арналған арнайы жиын өтті.

Жиынға қала әкімінің орынбасарлары, құрылыс басқармасы мен мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы өкілдері қатысып, құрылыс бөлімі басшысының м.а Дәурен Мәуленов пен тұрғын үй бөлімі мен тұрғын үй инспекциясының басшысы Талғат Үсенбаев баяндама жасады.

Жиын барысында Отырар шағын ауданында жүзеге асырылып жатқан көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы туралы баяндалды. Аталған аумақта 5 қабатты 20 тұрғын үй салынуда. Жалпы 800 пәтер жоспарланған, оның ішінде 1 бөлмелі – 200, 2 бөлмелі – 200, 3 бөлмелі – 400 пәтер. Қазіргі таңда 15 тұрғын үйдің құжаттары толық аяқталып, тұрғын үй қатынастары бөліміне өткізілген.

Сонымен қатар, «Жібек жолы» тұрғын үй кешенінде 10 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 6 тұрғын үй — 512 пәтер арендалық бағытта пайдалануға беру жоспарланса, 4 тұрғын үй — 432 пәтер «Отбасы банк» арқылы ипотекалық кредиттік бағдарламалар аясында тұрғындарға ұсынылатын болады.

Мәжілісте сондай-ақ, 22 тұрғын үй кешенінде жүзеге асырылып жатқан кредиттік тұрғын үйлердің құрылысы талқыланды. Қазіргі таңда ішкі әрлеу жұмыстары 80 пайызға, қасбет жұмыстары 75 пайызға, шатыр жабу жұмыстары 80 пайызға орындалған. Жалпы бұл кешенде 880 пәтер қарастырылған.

Қала аумағында сонымен қатар 7 қабатты 14 тұрғын үйден тұратын кредиттік тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде. Бұл бағытта барлығы 588 пәтер пайдалануға беру жоспарланған.

Жиында тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың санаттары мен статистикасы да талқыланды. Қазіргі таңда Түркістан қаласы бойынша тұрғын үй кезегінде 25 мыңнан астам азамат тіркелген. Әзімбек Пазылбекұлы кезекте тұрған, әлеуметтік санаттағы тұрғындардың құжаттандыру үдерістерін жеделдетуді және тұрғын үйлерді уақтылы пайдалануға беруді тапсырды.

Белгілі актер Мұрат Бисембин өмірден өтті

0

QULAGER.KZ. Қазақстандық актер Мұрат Бисембин 53 жасында өмірден өтті, деп жазады ERNUR.KZ.

– 11.10.1972 — 08.01.2026. Шексіз жақсы көремін, — деп жазған ол әлеуметтік желідегі парақшасында әкесінің суретін жариялап.

Актер сұхбатында біраз уақыттан бері онкологиямен күресіп жүргенін айтқан болатын. 2025 жылдың желтоқсанында инсульттан кейін ауруханаға түскені белгілі болды. Мұрат Бисембин 1972 жылы 11 қазанда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қызылорда мемлекеттік университетінің түлегі. Мамандығы — инженер-электрик.

2000 жылдан Алматы қаласында тұрады. 2001 жылдан киноға түсіп келеді. Ең таңдаулы кейіпкерлері ресейлік «Параграф 78» фильмі мен режиссер Ақан Сатаевтың «Рэкетир» және «Ағайынды» фильмдерінде сомдалған. Бисембинге танымалдық алып келген «Рэкетир» фильмінен кейін көрермендер актерді әлі де аталған туындыдағы Руслан образымен байланыстырады. Актерліктен бөлек Мұрат бокспен, ауыр атлетикамен, бодибилдинг және пауэрлифтингпен айналысады. Кинодағы жұмысынан бөлек Қазақстандағы «Хабар» арнасындағы «Арена» спорттық бағдарламасы жүргізушілерінің бірі. Үйленген. 3 баласы бар.

Түркістан қаласындағы жылу мекемесінің жұмысы тұрақты бақылауда

0

Түркістан қаласында жылу мекемесінің жұмысы тұрақты бақылауда, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы нысандарды аралау барысында жылу мекемесінде болып, жылыту маусымының өту барысымен танысты. Қала басшысы жылу көздерінің жай-күйін, қазандықтардың жұмысын тексеріп, тұтынушыларға жылудың тұрақты жеткізілуін қадағалады. Сондай-ақ сала басшыларына жылыту маусымының тұрақты әрі сапалы өтуіне қатысты бірқатар тапсырмалар берді.

 

Қазіргі таңда 2025–2026 жылғы жылыту маусымының жұмыс барысы тұрақты бақылауда. Бүгінде қала бойынша 12 561 тұтынушыға жылу жеткізілуде. Оның ішінде 223 көпқабатты тұрғын үй, 18 бюджеттік ұйым, 55 кәсіпкерлік нысан және 36 жеке тұрғын үй бар.

 

Барлық әлеуметтік нысандардың жылыту маусымына дайындығы тиісті актілермен расталған. Жылу беру жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес және тұрақты түрде жүргізілуде.

 

Қысқы маусымның тұрақты әрі қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында қала әкімдігі мен коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда.

АҚШ екі мұнай танкерін құрықтады

0

QULAGER.KZ. — Олардың бірі — ресейлік «Маринера» мұнай танкері. Оған АҚШ Әскери-теңіз күштері мінген, деп жазады KAZINFORM.

 

Ресей Федерациясы Көлік министрлігінің мәліметінше, «Маринера» кемесіне ашық теңізде АҚШ Әскери-теңіз күштері мінген, содан кейін кемемен байланыс үзілген.

 

«Маринера» кемесі 24 желтоқсанда Ресей Федерациясының мемлекеттік туы астында жүзуге уақытша рұқсат алған.

 

Кейінірек ВВС-дің хабарлауынша, АҚШ-тың Оңтүстік қолбасшылығы Кариб теңізі суларында «көлеңкелі флотқа» тиесілі тағы бір «Sophia» танкерінің ұсталғанын мәлімдеген. Әскери күштердің айтуынша, бұл кеме ешбір мемлекеттің азаматтығына (туына) ие болмаған.

АҚШ-тың әскери бюджеті 1,5 трлн долларға дейін артады

0

QULAGER.KZ. АҚШ президенті Дональд Трамптың айтуынша, АҚШ-тың 2027 жылға арналған әскери бюджеті бұрын талқыланған 1 трлн доллардың орнына 1,5 трлн долларды құрауы тиіс. Ол бұл жөнінде Truth Social әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында жазды, деп хабарлады KAZINFORM.

 

Америкалық көшбасшының пікірінше, мұндай шешім әлемдегі тұрақсыздықтың күшеюі жағдайында елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет.

 

Трамп мұндай қорытындыға АҚШ билік өкілдерімен жүргізілген ұзақ кеңесулерден кейін келгенін атап өтті.

 

«Сенаторлармен, конгрессмендермен, министрлермен және басқа да саяси өкілдермен ұзақ әрі қиын келіссөздерден кейін, еліміздің игілігі үшін, әсіресе осы өте мазасыз әрі қауіпті кезеңде, 2027 жылға арналған әскери бюджетіміз 1 триллион доллар емес, 1,5 триллион доллар болуы керек деген шешімге келдім», деп жазды Трамп.

 

Оның айтуынша, қорғаныс шығындарының ұлғаюы АҚШ-қа жаңа деңгейдегі қарулы күштерді құруға және кез келген қатерден қорғануды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 

«Бұл бізге көптен бері лайық болып келген «арманымыздағы қарулы күштерді» құруға мүмкіндік береді және ең бастысы, қарсылас кім болса да, біздің қауіпсіздігіміз бен қорғанысымызды қамтамасыз етеді», деді ол.

 

Трамп сондай-ақ мұндай шығындардың өсу мүмкіндігін кедендік тарифтерден түсетін кірістермен байланыстырды.

 

«Егер басқа елдерден алынатын тарифтерден түсіп жатқан орасан зор қаржы болмағанда, мен 1 триллион доллар көлемінде тоқтаған болар едім. Олардың көпшілігі бұрын АҚШ-ты бұрын-соңды болмаған деңгейде «тонаған», деді президент.

 

Трамп қазіргі қаржылық жағдай АҚШ-қа әскери бюджетті арттырумен қатар, өзге де маңызды экономикалық міндеттерді қатар шешуге мүмкіндік беретінін ерекше атап өтті.

 

Оның айтуынша, тарифтердің арқасында және олар әкеліп отырған, Джо Байден әкімшілігі кезінде ойға да келмеген ауқымды кірістердің нәтижесінде ел 1,5 трлн доллар көлеміндегі қорғаныс шығындары деңгейіне шыға алады. Сонымен қатар теңдессіз қарулы күштерді құрып, қарыз міндеттемелерін қысқартып, орта табысты патриот азаматтарды елеулі дивидендтермен қамтамасыз етеді.

Түркістанда газ қауіпсіздігі жіті бақылауда

0

Түркістан қаласында газ қауіпсіздігі жүйелі бақылауда, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

Қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Түркістан қаласында тұрмыстық газды дұрыс әрі қауіпсіз пайдалану бойынша жүйелі бақылау жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі таңда қала бойынша 46 627 абонент табиғи газды тұтынады. Оның ішінде 34 081-і — жеке тұрғын үйлер, 12 526-сы — көпқабатты тұрғын үйлер. Жыл басынан бері барлық 46 627 абонент толық араланып, табиғи газды пайдалану талаптарының сақталуы тексерілді.

2025 жылы жүргізілген тексерулер нәтижесінде 45 209 абоненттің газды талапқа сай пайдаланып отырғаны анықталды. Ал 1 418 жағдайда акт толтырылып, тиісті ескертулер берілді. Анықталған кемшіліктер негізінен техникалық құжаттардың болмауы, ішкі газ желілеріне қойылатын талаптардың сақталмауы, желдету жүйелері мен мұржалардың талапқа сай болмауы, сондай-ақ газсигнализаторлардың орнатылмауымен байланысты болды.

Газ инспекциясы «QAZAQGAZ AIMAQ» акционерлік қоғамымен және Түркістан қаласының төтенше жағдайлар басқармасымен бірлесіп, улы газдан уланудың алдын алу мақсатында жыл басынан бері 71 рет түсіндіру және алдын алу шараларын өткізді.

Сонымен қатар, қала аумағындағы 1 532 кәсіпкерлік нысанның 1 445-іне профилактикалық аралау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 84 кәсіпкерлік нысанда кемшіліктер анықталып, олардың 43-і белгіленген тәртіпке сәйкес толықтай жойылды.

2025–2026 жылғы жылыту маусымына дайындық аясында әлеуметтік нысандар да назардан тыс қалмады. Атап айтқанда, 88 мектептің 4 жекеменшік мектебі мен 141 балабақшаның 105-іне тексеру жүргізілді. Нәтижесінде газсигнализатор орнату, желдету арналарын ретке келтіру және ішкі газ желілеріне қатысты келісімшарттар жасау бойынша ескертулер беріліп, анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде толықтай жойылды.

Аталған бағыттағы жұмыстар Түркістан қаласы әкімдігі тарапынан тұрақты бақылауда және алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатын болады.