HomeЖаңалықТүркістанда газ қауіпсіздігі жіті бақылауда

Түркістанда газ қауіпсіздігі жіті бақылауда

Түркістан қаласында газ қауіпсіздігі жүйелі бақылауда, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

Қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Түркістан қаласында тұрмыстық газды дұрыс әрі қауіпсіз пайдалану бойынша жүйелі бақылау жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі таңда қала бойынша 46 627 абонент табиғи газды тұтынады. Оның ішінде 34 081-і — жеке тұрғын үйлер, 12 526-сы — көпқабатты тұрғын үйлер. Жыл басынан бері барлық 46 627 абонент толық араланып, табиғи газды пайдалану талаптарының сақталуы тексерілді.

2025 жылы жүргізілген тексерулер нәтижесінде 45 209 абоненттің газды талапқа сай пайдаланып отырғаны анықталды. Ал 1 418 жағдайда акт толтырылып, тиісті ескертулер берілді. Анықталған кемшіліктер негізінен техникалық құжаттардың болмауы, ішкі газ желілеріне қойылатын талаптардың сақталмауы, желдету жүйелері мен мұржалардың талапқа сай болмауы, сондай-ақ газсигнализаторлардың орнатылмауымен байланысты болды.

Газ инспекциясы «QAZAQGAZ AIMAQ» акционерлік қоғамымен және Түркістан қаласының төтенше жағдайлар басқармасымен бірлесіп, улы газдан уланудың алдын алу мақсатында жыл басынан бері 71 рет түсіндіру және алдын алу шараларын өткізді.

Сонымен қатар, қала аумағындағы 1 532 кәсіпкерлік нысанның 1 445-іне профилактикалық аралау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 84 кәсіпкерлік нысанда кемшіліктер анықталып, олардың 43-і белгіленген тәртіпке сәйкес толықтай жойылды.

2025–2026 жылғы жылыту маусымына дайындық аясында әлеуметтік нысандар да назардан тыс қалмады. Атап айтқанда, 88 мектептің 4 жекеменшік мектебі мен 141 балабақшаның 105-іне тексеру жүргізілді. Нәтижесінде газсигнализатор орнату, желдету арналарын ретке келтіру және ішкі газ желілеріне қатысты келісімшарттар жасау бойынша ескертулер беріліп, анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде толықтай жойылды.

Аталған бағыттағы жұмыстар Түркістан қаласы әкімдігі тарапынан тұрақты бақылауда және алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатын болады.

Ұқсас жазбалар