Home Blog Page 62

Оңтүстік Кореяның экс-президенті 5 жылға сотталды

0

QULAGER.KZ. Сеулдің орталық аудандық соты Юн Сок Ёльдің 2024 жылдың желтоқсанында әскери жағдай енгізу туралы шешіміне байланысты берілген қамауға алу ордерінің орындалуына кедергі жасағанын дәлелдеген, деп жазады inbusiness.kz.

 

Сонымен қатар, сот оның ресми құжаттарды қолдан жасағаны және әскери жағдай жариялар алдында заңда көзделген рәсімдерді сақтамағаны үшін де кінәлі деп тапты.

 

Тергеу органдары оның шешімі Конституция мен қолданыстағы заң талаптарына қайшы келгенін алға тартты. Экс-президенттің адвокаты сот үкімімен келіспей отыр.

 

Айта кетейік, Юн Сок Ёльдің ісі Оңтүстік Корея қоғамында үлкен резонанс тудырған. Сарапшылар бұл үкімді елдегі құқықтық жүйенің тәуелсіздігі мен заң үстемдігінің көрінісі ретінде бағалайды.

Қазақстанда медициналық қызметтер ақысы өзгереді

0

QULAGER.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ККТМК) мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында медициналық ұйымдардың қызметіне ақы төлеу қағидаларына өзгерістер енгізуді көздейтін бұйрық жобасын дайындады, деп жазады ERNUR.KZ.

 

Ұсынылып отырған өзгерістер мына бағыттарды қамтиды:

медициналық қызметтерге ақы төлеу тетіктерін жетілдіру, олардың ашықтығы мен тұрақтылығын арттыру;

стационарлық бақылау және аралас ем жүргізу мүмкіндігін ескере отырып, протондық терапияға ақы төлеудің жаңа тәсілдерін енгізу;

инфекциялық бейіндегі клинико-шығын топтарының логикасын жаңарту; қабылдау бөлімдерінің қызметіне ақы төлеу тәртібін қайта қарау;

қайтыс болған донорды дайындау қызметіне ақы төлеу механизмін оңтайландыру және Қормен тікелей шарттарға көшу;

жедел медициналық көмек қызметкерлеріне еңбек жағдайының ерекше сипатына байланысты қосымша төлемдер енгізу;

күндізгі стационар жағдайында коронарлық артериография үшін төлем мөлшерін арттыру;

Қорға шығыстар туралы мәліметтер ұсыну нормаларын нақтылау және шарттық рәсімдерге редакциялық түзетулер енгізу.

 

Министрліктің мәліметінше, бұл өзгерістерді іске асыру медициналық қызметтерге ақы төлеу тетіктерінің ашықтығы мен негізділігін арттыруға, әкімшілік кедергілерді азайтуға, медициналық көмекті негізсіз тұтыну тәуекелдерін төмендетуге, сондай-ақ инфекциялық бейіндегі медициналық көмекті қаржыландырудың тиімділігін күшейтуге мүмкіндік береді.

 

Аталған құжат Ашық НҚА сайтында жарияланып, 30 қаңтарға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылған.

2025 жылы дропперлердің шоттарындағы 800 млн теңге бұғатталды

0

QULAGER.KZ. 2025 жылы «дроптар» шоттарында 800,7 млн теңге бұғатталды. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Ішкі істер министрінің бірінші Бауыржан Әленовтің жауабында айтылған, деп жазады KAZINFORM.

– Дропперлердің шоттарын жедел анықтау және бұғаттау мақсатында екінші деңгейдегі банктермен «Антифрод-орталық» аясында өзара іс-қимыл жүзеге асырылуда. Платформа жұмыс істей бастағаннан бері (2025 жылғы 22 шілдеден) 99,7 мың оқиға тіркелді, оның ішінде ішкі істер органдары тарапынан – 48,9 мың. Қабылданған шаралардың нәтижесінде «дроптар» шоттарында 800,7 млн теңге бұғатталды, оның ішінде 488,4 млн теңге ерікті түрде қайтарылды. Жіберушілердің шоттарындағы күдікті операцияларды мониторингтеу арқылы 1,9 млрд теңгеден астам қаражат бұғатталды, — деді Бауыржан Әленов.

Оның айтуынша, ІІМ бастамасымен 2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап дропперлерге қатысты қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Аталған бап бойынша 49 қылмыстық іс тіркеліп, 13-і сотқа жолданды.

– Сотқа дейінгі тергеп-тексеру процесінің тиімділігі мен оңтайландырылуын арттыру мақсатында интернет-алаяқтықтан зардап шеккендерге Азаматтық кодексінің 953-бабының нормалары аясында ақша қаражатын қайтару тәртібі түсіндіріледі. Осылайша АК 953-бабы дропперлер арқылы ақша қаражатын шығаруымен байланысты қылмыстық істерді тергеу барысында іс жүзінде қолданылып, жәбірленушілердің мүліктік құқықтарын қорғауға және келтірілген залалды өтеуді қамтамасыз етуге бағытталған қылмыстық-процестік сипаттағы шаралармен өзара байланыста пайдаланылады, — деді министрдің бірінші орынбасары.

Түркістан облысында әкесін ұрып-соғып, азаптаған ер адам сотталды

0

QULAGER.KZ. Түркістан облысы Жетісай аудандық соты Шардара ауданы Қоссейіт ауылында әкесін ұрып-соғып, азаптаған 41 жастағы Алмас Садақбаевты 5 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Kazinform.

Сот оны «Қинау» және «Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру» баптарымен кінәлі деп таныды.

41 жастағы Алмас Садақбаевқа 70 жастағы мүгедек әкесін тірі кезінде бірнеше рет ұрып-соғып, қинады деген айып тағылған. Ол өткен жылдың тамыз айында мүгедек әкесін кемінде үш рет соққыға жыққан.

Тергеу дерегінше, қарт әкесінің дәретке өздігінен шыға алмайтынына ашуланып, оған күш қолданған.

– Сотталушы 2020 жылдан бері денсаулығы нашарлап, қозғалуында қиындықтары болған 70 жастағы әкесін жүйелі түрде ұрып-соққан. Салдарынан жәбірленуші физикалық және психикалық азап шегіп, денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтірілген. Сот жаза тағайындау кезінде жеңілдететін мән-жайларды: бұрын сотталмағаны, кінәсін мойындауы және өкініш білдіруі, кәмелетке толмаған балаларының болуын ескерді. Ауырлататын мән-жайлар анықталмаған. Сот үкімімен С.-ға түпкілікті жаза ретінде 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, — деп хабарлады Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі.

Сотталушының кінәсі өзінің түсініктемелерімен, куәлардың айғақтарымен, аудио-бейне материалдармен, сондай-ақ сот-медициналық сараптамалардың қорытындыларымен толық дәлелденді.

– Істеген ісіме өмір бойы өкінемін. Қателестім, толық мойындаймын. Барша Қазақ елінен кешірім сұраймын. Аман-есен бостандыққа шығып, бала-шағамның қасында болсам деймін, — деді Садақбаев сотта сөйлеген сөзінде.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

 

Польшада нәресте «мас» күйінде дүниеге келді. Анасы бас бостандығынан айырылуы мүмкін

0

фото: Unsplash
Польшада жүктіліктің 38 аптасында ішімдік ішкен әйел ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның ағзасынан үш промиллеге жуық алкоголь анықтаған. Соның салдарынан сәби де “мас” күйде туған, деп жазады ERNUR.KZ.

Қандағы алкогольдің мұндай деңгейі ана мен бала үшін аса қауіпті болғандықтан, дәрігерлер шұғыл түрде кесарь тілігін жасауға шешім қабылдады.

Нәресте дүниеге келген соң, оның қанында 1,5 промилледен астам алкоголь бар екені анықталған.

Бұл көрсеткіш жаңа туған сәбилер үшін өлім қаупін төндіреді. Қазіргі таңда баланың жағдайы тұрақтандырылды.

Ал анасына қатысты қылмыстық іс қозғалып, оған бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.

Үкімет жер қойнауын зерттеудің жаңа кезеңіне кірісті

0

QULAGER.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел аумағын геологиялық зерделеуді қазіргі заманғы геологиялық барлау әдістерімен қамтуды ұлғайту жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Қазақстан Үкіметі биыл жер қойнауын зерттеудің жаңа кезеңіне анағұрлым егжей-тегжейлі ауқымда кіріседі, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Қойылған міндеттерді ескере отырып, өткен жылы 100 мың шаршы шақырым жалпы алаңда 1:50.000 масштабты геологиялық түсірілім жүргізуге 20 жоба әзірленді, одан кейін жыл сайын 30 мың шаршы шақырым болатын ең перспективалы учаскелер қамтылды. Салыстыру үшін айтатын болсақ, кеңес заманында жасалған картаның бұрынғы масштабы 1:200.000 болды.

Таяудағы үш жылда жоғарыда аталған 20 жобаны жүзеге асыру үшін, сондай-ақ аз зерттелген шөгінді бассейндер аумағында сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізуге, қазіргі заманғы геологиялық инфрақұрылымды құруға 240 млрд теңге немесе шамамен $500 млн бағыттау жоспарланып отыр, жалпы соңғы 15 жылда $469 млн салынды.

Жобаларға Жерді қашықтықтан зондтау деректерін талдау, аэрогеофизикалық және геохимиялық зерттеулер, далалық жұмыстар кешені кіреді. Учаскелер тізбесін қалыптастыру кезінде қорлардың сарқылу факторлары, жер қойнауын пайдаланушылардың болмауы не ең аз саны және пайдалы қазбалардың басым түрлері бойынша перспективалылығы ескерілді. Нәтижесінде мыс, алтын, қорғасын, мырыш, сирек жер элементтері, барит, боксит кен орындарын анықтау бойынша әлеуеті жоғары алаңдар анықталды.

Бұдан бөлек, аз зерттелген мұнай-газ перспективалы – Солтүстік Торғай, Шу-Сарысу және Сырдария бассейндерінде сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Сондай-ақ зертханалық-талдамалық базаны жаңғырту және геологиялық деректерді цифрландыру көзделуде.

Осы масштабта жер қойнауын геологиялық зерттеуге көшу Еуропалық Одақ, Канада, Аустралия, Қытай елдерінің халықаралық тәжірибесіне сәйкес келетін геологиялық болжамдардың дәлдігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді.

Аймақтық картаға егжей-тегжейлі түсіру перспективалы аумақтарды анықтау, геологиялық және инвестициялық тәуекелдерді азайту және кейіннен геологиялық барлау мен пайдалы қазбаларды өндіруге жеке инвестицияларды тарту үшін базалық негіз болады.

Есірткі қылмысына қарсы күрес жөніндегі жаңа кешенді жоспар таныстырылды

0

ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы күрес жөніндегі жаңа кешенді жоспарды таныстырды, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

Қазақстанда 2026-2028 жылдарға арналған нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі жаңа кешенді жоспар жаһандық және өңірлік ахуал үрдістерін, сондай-ақ Парламент депутаттарының, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғам өкілдерінің ұсыныстарын ескере отырып әзірленді. Оны қалыптастыру барысында алдыңғы құжаттың іске асырылу нәтижелері де назарға алынды. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстелде ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің төрағасы Данияр Мейрхан мәлімдеді.

Оның айтуынша, ұсынылып отырған Кешенді жоспар мемлекеттік есірткіге қарсы саясаттың негізгі бағыттарын қамтиды. Құжат 7 бөлімнен, 106 тармақтан және 30 тармақшадан тұрады. Атап айтқанда, онда есірткі ахуалын және оның динамикасының ерекшеліктерін мониторингтеу; есірткіге тәуелді адамдардың профилактикасы, оларды емдеу және оңалту жүйесін жетілдіру; заңнамалық және нормативтік құқықтық базаны жетілдіру; есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңды айналымын қамтамасыз ету; қазіргі есірткі бизнесінің жаңа сын-қатерлері мен қауіптеріне қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру; халықаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту және кеңейту көзделген.

«Жоспарда талдамалық және жедел жұмыста жасанды интеллектіні енгізу; газ талдағыштары мен спектралдық камералары бар ұшқышсыз ұшу аппараттарын сатып алу; ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарын жеке химиялық қорғаныс құралдарымен жабдықтау; ұшқышсыз аппараттарды бейтараптандыру құрылғыларымен қамтамасыз ету; айғақ заттарды сақтау камераларын цифрландыру; цифрлық іздер базасын қалыптастыру қарастырылған. Жоспардың жекелеген іс-шаралар блогы заңнамалық және нормативтік құқықтық базаны жетілдіруге арналған. Бұл бөлімде есірткі скринингін жүргізудің негіздері мен тәртібіне, қатар жүретін қаржылық тергеулерге, криптовалюталарды реттеуге, спайкингке қарсы іс-қимылға, сондай-ақ есірткі қылмыстарын анықтауда құқық қорғау органдарына жәрдем көрсеткен азаматтарды ынталандыру тетіктерін әзірлеуге қатысты түзетулер көзделген», – деді спикер.

Комитет төрағасы іс-шараларды қаржыландыру үш жылдық кезеңге республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен қарастырылғанын атап өтті.

Кешенді жоспардың іс-шараларын іске асыру барлық мемлекеттік құрылымның қызметін үйлестірудің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді деп күтілуде. Жоспар қорытындысы бойынша мынадай нысаналы индикаторларға қол жеткізу көзделген:

  • синтетикалық есірткінің заңсыз айналымнан тәркілену көлемін арттыру арқылы оның қолжетімділігін төмендету;
  • есірткілер мен прекурсорларды, оның ішінде халықаралық бағыттар бойынша тасымалдау арналарын анықтау;
  • есірткі контрабандасының жолын кесу;
  • есірткі қылмысы саласындағы ұйымдасқан қылмыстық топтарды жою;
  • құқыққа қайшы контенттің жалпы санынан есірткі сайттары мен жарнаманы анықтау;
  • медициналық-әлеуметтік оңалту бағдарламаларымен барынша қамту;
  • есірткі құқық бұзушылықтары үшін ұсталған кәмелетке толмағандар санын азайту;
  • есірткі құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша әкімдіктердің рейтингтік бағалау нәтижелері.

Түркістан облысында егістік жұмыстары басталды

0

Мақтаарал ауданында ерте пісетін көкөніс дақылдарын егу жұмыстары басталды, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

Ауыл шаруашылығы саласын дамыту және өңір тұрғындарын сапалы өніммен қамту мақсатында биыл аудан бойынша жалпы көлемі 60,3 мың гектар егістік алқапты игеру көзделген. Оның ішінде, 1405 гектар жерге ерте және орта мерзімде пісетін көкөніс дақылдарын егу жоспарланып отыр. Осы мақсатта Мақтаарал ауылдық округінде егістік жұмыстары басталған.

Ауыл шаруашылығы саласында тәжірибесі мол шаруалардың бірі Шағыр Күшербаев 8 гектар алқапқа ас үй қызылшасын заманауи тамшылатып суару технологиясы арқылы егіп жатыр. Бұл әдіс су ресурстарын үнемдеуге, тыңайтқыштарды өсімдік түбіне дәл жеткізуге және өнімділікті арттыруға мүмкіндік береді. Мамандардың айтуынша, тамшылатып суару технологиясын қолдану арқылы өнім көлемін дәстүрлі әдістермен салыстырғанда екі есеге дейін арттыруға болады. Шаруашылықта барлық агротехникалық талаптар сақталып, егу жұмыстары белгіленген мерзімде жүргізілген. Қолайлы ауа райы жағдайында ас үй қызылшасының алғашқы өнімі сәуір айында пісіп жетіледі деп күтілуде. Ерте өнім алу — нарықтағы бағаның тұрақталуына және тұрғындарды жаңа піскен көкөніспен қамтамасыз етуге оң әсерін тигізбек.

Сонымен қатар, ауданда жуық арада қырыққабат дақылын егу жұмыстары да басталады. Бұл көкөніс түрі де ерте пісетін дақылдардың бірі әрі ішкі нарықта үлкен сұранысқа ие. Айта кетейік, Мақтаарал ауданында ерте пісетін көкөніс дақылдарын егу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасын қабылдады

0

QULAGER.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Әлібек Жамауовты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысына компанияның өткен жылы атқарған қызметінің нәтижелері және газ саласында іске асырылған негізгі жобалар жөнінде баяндалды.

Әлібек Жамауов газ тұтыну көлемінің артып келе жатқанын және газ өңдеу зауыттарының әлеуетін еселеу қажет екенін ескере отырып, геологиялық барлау мен құрылыс жұмыстарын жандандыруға баса назар аударылғанын айтты.

Газ инфрақұрылымын кеңейтуге, соның ішінде Астана қаласы мен агломерациясын көгілдір отынмен қамтамасыз етуге басымдық беріледі.

Былтыр табиғи газға 400 мыңға жуық тұрғыны бар 112 елді мекен қосылғаны жөнінде мәлімдеді.

Талдықорған – Үшарал газ құбырының іске қосылуы өткен жылдың ең айтулы оқиғаларының бірі саналады. Бұл жұмыс межеленген мерзімнен 1 жыл 4 ай бұрын аяқталды.

Аталған газ құбыры Жетісу облысындағы 84 елді мекенді көгілдір отынмен қамтамасыз етіп, өңірдегі газдандыру деңгейін 76 пайызға дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді.

Ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру, соның ішінде «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистральды газ құбырының екінші желісін тарту, Қашағанда жылына 1 миллиард текше метр газ өңдейтін зауыт салу барысы жайында баяндады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша газ саласының ресурстық базасын дамыту үшін Жамбыл облысындағы «Малдыбай» кен орнында жұмыс жүргізіліп жатыр.

Амангелді тобының құрамындағы «Бархан» кен орны іске қосылды.

Цифрлық шешімдерді енгізу жайында мәлімет берді.

Aqyl Energy бастамасы аясында заманауи технологияларды, жасанды интеллект элементтері мен деректерді талдауды қолдана отырып, газ құбырын есепке алу және басқару үдерісін цифрландыру жұмыстары жүргізілді.

Президент тұрғындар мен өндіріс ошақтарын жылыту маусымында газбен тұрақты қамтамасыз ету шараларын жалғастыруды тапсырды. Сондай-ақ цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізуге және газ саласының ресурстық базасын нығайтуға қатысты міндеттер жүктеді.

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрін қабылдады

0

QULAGER.KZ. Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Президент – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс ведомствосының 2025 жылы атқарған қызметі туралы есепті тыңдады.

Дәурен Қосанов армияның жауынгерлік әзірлігі және Қарулы күштерді дамытудың басымдықтары жөнінде мәлімет берді; цифрлық технологияларды енгізу, әскери-патриоттық тәрбие жұмыстары, сондай-ақ қорғаныс инфрақұрылымын жетілдіру шаралары туралы баяндады.

Президенттің Қарулы күштер сапында тәртіп орнату жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы жайында ақпарат ұсынды.

Жоғарғы Бас қолбасшы министрге армияның жауынгерлік әзірлік деңгейін арттыру, әскери және құқықтық тәртіпті күшейту жөнінде нақты міндеттер жүктеді.