HomeЖаңалықТүркістанда индикаторлар мен инвестициялық жобалар талқыланды

Түркістанда индикаторлар мен инвестициялық жобалар талқыланды

Түркістанда өткен аппараттық мәжілісте индикаторлар мен инвестициялық жобалар талқыланды, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті.

 

Мәжіліс барысында 2025 жылдың ІІ тоқсаны бойынша негізгі индикаторлардың орындалу барысы мен қалаға инвестиция тарту мәселелері және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жұмыстары қаралды.

 

Экономика және қаржы бөлімінің басшысы Олжас Булегенов баяндама жасап, қаланың 2025 жылдың алғашқы алты айындағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін таныстырды.

 

Әзімбек Пазылбекұлы рейтинг нәтижесі жай ғана формализм емес, нақты нәтиже мен жүйелі жұмыстың көрсеткіші екенін айтып, әр бөлім өзіне тиісті индикаторларды 100% орындауды қамтамасыз етуі қажет екенін қатаң ескертті.

 

Сонымен қатар, Бизнесті қолдау және туризм бөлімінің басшысы Мұхтар Төлепов инвестициялық жобалардың жүзеге асуы мен әлеуметтік дүкендер мен азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шараларын баяндады.

 

Бүгінгі таңда Түркістан қаласында жалпы құны 447,8 млрд теңгені құрайтын 132 жоба жүзеге асырылып жатыр. Оның ішінде арнайы экономикалық аймақта 9, индустриалды аймақта 23 жоба іске асуда.

 

Ал бағаны тұрақтандыру мақсатында 82 жәрмеңке ұйымдастырылып, тұрақты мониторинг жұмыстары нәтижесінде 159 дүкенге 15%-дан асқан үстеме үшін әкімшілік шаралар қолданылған.

 

Қала әкімі әлеуметтік инфрақұрылымды жетілдіруді, азық-түлік қауіпсіздігін арттыруды, сондай-ақ халықпен тиімді кері байланыс орнату қажеттігін атап өтті.

 

Ұқсас жазбалар