HomeҚоғамТүркістанда қаланың инфрақұрылымын жетілдіруге бағытталған жобалар қаралды

Түркістанда қаланың инфрақұрылымын жетілдіруге бағытталған жобалар қаралды

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен өткен қала құрылысы кеңесінде бірқатар жобалар қаралды, деп хабарлайды QULAGER.KZ.  

 

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен өткен қала құрылысы кеңесінің кезекті отырысында қаланың инфрақұрылымын жетілдіруге бағытталған бірқатар жобалар қаралды.

 

Жиынға архитектор, сәулет-құрылыс, сала мамандары мен кәсіпкерлер қатысып, күн тәртібіне енгізілген 8 жоба талқыланды. Жобалардың сәулеттік, қауіпсіздік және қала құрылыс нормаларына сәйкестігі сараланды.

 

Шаһардағы бірнеше базардың абаттандыру, олардың сыртқы қасбеттерін біріздендіру, келушілерге арналған автотұрақтар ұйымдастыру мәселелері сөз болды. Кеңес мүшелері бұл базарларда өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауына ерекше назар аударып, тиісті құрылымдарға қауіпсіздік шараларын шұғыл түрде күшейтуді тапсырды.

 

Сондай-ақ, әкімшілік-іскерлік орталығы аумағында арнайы экономикалық аймақ қатысушылары тарапынан ұсынылған нысандар құрылысына қатысты инвестициялық жобалар талқыланды.

 

Жобалардың кейбірі қала құрылыс талаптарына сай келмеуіне байланысты келісімнен бас тартылса, бірқатарына қосымша жетілдіру жұмыстарын жүргізіп, қайта қарау туралы шешім қабылданды.

 

Қала құрылысы кеңесі – Түркістанды үйлесімді әрі қауіпсіз қала ретінде дамыту жолындағы нақты қадамдардың алаңы. Кеңес барысында қабылданған ұсыныстар мен тапсырмалар қаланың сәулеттік келбетін жақсартуға және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға бағытталмақ.

Ұқсас жазбалар