HomeҚоғамТүркістан қаласын көгалдандыру жұмыстары жалғасып жатыр

Түркістан қаласын көгалдандыру жұмыстары жалғасып жатыр

Түркістан қаласында көгалдандыру жұмыстары қарқынды жалғасуда, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен көгалдандыру мәселесі бойынша жиын өтті. Күзгі кезеңде қала аумағын көгалдандыру жұмыстары мен жасыл желектер егу жоспары және күтіп-баптау шаралары талқыланды.

 

Қазіргі таңда Түркістан қаласының жалпы жасыл желек аумағы 1300 гектарды құрайды. Бүгінге дейін 440 мыңнан астам ағаш көшеттері мен бұталар егілген.

 

Ал 2023-2025 жылдар аралығында қала аумағында 7,5 миллионнан астам маусымдық гүл отырғызылған.

 

Негізгі көшелер мен қоғамдық демалыс орындарына да жалпы 441 739 түп бұта мен ағаш көшеттері отырғызылған. Оның ішінде 240 396 бұта түрлері, 154 313 декоративті ағаштар, сондай-ақ 46 030 жеміс ағаштары қала келбетін көркейтіп, экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған.

 

Жасыл желектердің басым көпшілігі Б.Саттарханов, Тәуке хан, С.Ерубаев, Абылайхан, О.Жарылқапов, Б.Момышұлы, Ә.Жангелдин, Ж.Баласағұни көшелері мен Яссы, Отырар, Сауран, Тұран, Жұлдыз, Жібек жолы, шағынаудандарына отырғызылған. Ал маусымдық гүлдер Қ.А.Ясауи кесенесі алдындағы алаңға, Тәуелсіздік саябағына, Орталық алаңға, Теміржол вокзалы аумағына, Нұр-Сұлтан даңғылы бойына және жаңа мөлтек аудандардағы гүлзарлар мен аллеяларға егілді.

 

Қала тазалығын сақтау бағытында да жүйелі шаралар атқарылуда. Бүгінде Түркістан қаласы аумағында 1262 қоқыс алаңшасы мен 2719 дана қоқыс контейнері орнатылған. Қалдықтарды шығару үшін 34 арнайы техника жұмылдырылған.

 

Жиын барысында қала басшысы сала мамандарына заманауи, қалаға көрік беретін, ұзақмерізімді, төзімді ағаштар егіп, суару жүйесін де ескеруді тапсырды.

 

 

Ұқсас жазбалар