Түркістанда әлеуметтік дүкендерде азық-түлік тауарлары төмен бағада сатылуда, деп хабарлайды QULAGER.KZ.
Түркістан қаласындағы «Шапағат», «Бәйтерек», «Береке», «Молшылық», «Дастархан», «Шапағат» сауда орындары мен 29 әлеуметтік дүкенде күнделікті тұтынатын негізгі азық-түлік өнімдері базар мен супермаркеттерге қарағанда арзан бағамен ұсынылуда.
Мысалы:
Картоп – 130 тг (супермаркетте – 138 тг)
Пияз – 85 тг (супермаркетте – 92 тг)
Қант – 390 тг (супермаркетте – 425 тг)
Сары май – 2300 тг (супермаркетте – 2530 тг)
Бөлке нан – 70 тг (супермаркетте – 87 тг)
Өзге де тауарлар қолжетімді бағамен сатылуда.
Егер аталған өнімдер жоғары бағада сатылып жатса, бірден жауапты мекеме басшысына хабарласа аласыз: +7 747 995 7586