Home Blog Page 70

Мемлекет басшысы Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасы мүшелерімен кездесті

0

QULAGER.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тошиаки Эндо бастаған Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасы мүшелерімен кездесу өткізді, деп жазады Ақорда.

 

Мемлекет басшысы Достық лигасының қызметіне жоғары баға беріп, оны екіжақты ынтымақтастықты нығайтудың маңызды тетігі ретінде қарастыратынын атап өтті.

 

– Еліміз Токиомен жан-жақты ықпалдастықты одан әрі арттыруға баса мән береді. Парламентаралық диалог тереңдей түсті. Түрлі деңгейдегі байланыстар тұрақты түрде жалғасуда. Сауда-экономика және инвестиция саласындағы екіжақты қатынастарымыз тың серпінмен дамып келеді. Жапония Қазақстандағы ірі инвестордың қатарына кіреді. Былтыр тауар айналымы 2 миллиард долларға жетті. Бұл – Жапонияның Орталық Азия мемлекеттерімен жалпы сауда көлемінің 70 пайызынан астамы деген сөз. Сондай-ақ көлік-логистика, энергетика, ауыл шаруашылығы және басқа да салаларда нақты жобалар бар. Біз бүгін Император Нарухитомен кездесуде медицина саласы, су мәселесі бойынша пікір алмастық. Шын мәнінде екіжақты ынтымақтастықтың келешегі зор. Мәдени-гуманитарлық байланысымыз тереңнен тамыр тартады. Екі ел білім және ғылым, мәдениет пен өнер, спорт және туризм салаларында өзара тығыз ықпалдастық орнатты. Биыл Осакада өткен Дүниежүзілік көрме аясында қазақтың ұлы ақыны, ғұлама ойшылы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуын атап өттік, – деді Қазақстан Президенті.

 

Мемлекет басшысы жаһандық өзекті мәселелерге қатысты Қазақстан мен Жапонияның ұстанымдары ортақ екеніне тоқталды.

 

– Біз Біріккен Ұлттар Ұйымы және басқа да халықаралық құрылымдар аясында бейбітшілікті қамтамасыз ету, ядролық қарусыздану мәселелері бойынша бір-бірімізді үнемі қолдап келеміз. Қазақстан аймақаралық ынтымақтастығымыздың маңызды тетігі саналатын «Орталық Азия + Жапония» саммитіне айрықша мән береді. Премьер-министр Санаэ Такаичи ханыммен өтетін кездесуде бірқатар мәселені талқылаймыз. Бұл келіссөздер саяси диалогты тереңдетіп, экономикалық және гуманитарлық алыс-берісті жандандыруға жол ашады. Халықтарымыз өсіп-өркендеп, өзара тиімді қарым-қатынасымыз нығая береді деп сенемін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Жапонияда тұрып жатқан қазақстандықтармен кездесті

0

QULAGER.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі уақытта Жапонияда білім алып, түрлі салада қызмет етіп жүрген Қазақстан азаматтарымен кездесті, деп жазады Ақорда.

 

Мемлекет басшысы Жапония сияқты дамыған елдің тәжірибесін зерделеу маңызды екенін айтты.

 

– Бұл сапар екі ел арасындағы қарым-қатынасқа тың серпін береді деп ойлаймыз. Жапон тарапы да үлкен мән беріп отыр. Бүгін Премьер-министрмен кездесемін. Ынтымақтастығымыздың келешегі зор болатынына ешқандай күмән жоқ. Өздеріңізге белгілі, Қазақстан өз дамуында жаңа кезеңге қадам басты. Биыл ел экономикасының өсімі 6 пайыздан асты. Бұл – өте жақсы көрсеткіш. Дегенмен мұнымен тоқтап қалуға болмайды. Инфляцияны төмендету, инфрақұрылымды жаңарту қажет. Қазақстан келешекте цифрлық елге айналуы керек. Алдымызда осындай үлкен мақсаттар тұр, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Отандастарымыз арасынан Ritsumeikan Азия – Тынық мұхиты университетінің вице-президенті, профессор Серік Мейірманов, ARIA Consulting негізін қалаушы Арайлым Хасан, Showa және Juntendo медицина университеттерінің доценті Әбдібек Қалибек, Ailia компаниясында жасанды интеллект технологиясымен айналысатын инженер Эльдар Төлеубай сөз сөйлеп, өздерінің Күншығыс еліндегі жетістіктерімен бөлісті.

 

Президент Жапонияда тұрып жатқан қазақстандықтарға табыс тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мейджи Джингу ғибадатханасын аралап көрді

0

QULAGER.KZ. Мемлекет басшысы Жапонияға ресми сапары барысында Токиодағы Мейджи Джингу синто ғибадатханасына барды, деп жазады Ақорда.

 

1920 жылы салынған кешен императорлық киелі орын саналады. Оның аумағында 120 мыңға жуық ағаш пен жасыл желегі бар саябақ орналасқан.

 

Ғибадатхана түбегейлі саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар жүргізу арқылы Жапонияны әлемнің дамыған елдерінің біріне айналдырған император Мейджиге арналған.

 

Кешенмен танысқан соң Мемлекет басшысы Құрметті қонақтар кітабына жазба қалдырды.

 

«Мейджи Джингу – берекелі бірлік пен ұлттық сана-сезімнің символы. Жапон халқы үшін осы қасиетті ғибадатхананың тарихи мән-маңызы ерекше. Күншығыс елі өсіп-өркендей берсін!» – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Жапония Императоры Нарухитомен кездесті

0

QULAGER.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапонияға алғашқы ресми сапары Император Нарухитомен кездесуден басталды, деп жазады Ақорда.

 

Президент қонақжайлық танытқаны үшін Жапония Императорына ризашылығын білдірді.

 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Күншығыс елінің тәртібі мен табандылығын әуелден үлгі тұтатынын атап өтті. Сондай-ақ екі елді өзара құрмет пен түрлі саладағы табысты ықпалдастыққа негізделген байырғы достық қатынастар біріктіретінін жеткізді.

 

Император Нарухито Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапары Жапония мен Қазақстан арасындағы байланыс тарихында елеулі уақиға ретінде қалатынын және екіжақты қарым-қатынасты жаңа деңгейге шығаратынын айтты.

 

Мемлекет басшысы мен Император өзара ынтымақтастық мәселелері және халықаралық күн тәртібі жөнінде пікір алмасты.

Трамп 7 елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге толық тыйым салды

0

QULAGER.KZ. АҚШ Африка мен Азиядағы жеті елдің азаматтарына елге кіруге толықтай тыйым салды. Бұл туралы Ақ үйдің сайтында жарияланған ресми мәлімдемеден белгілі болды, деп жазады inbusiness.kz.

 

«Таяуда жүргізілген талдауға сәйкес, бес елге – Буркина-Фасо, Мали, Нигер, Оңтүстік Судан және Сирияға толық шектеулер мен елге кіруге тыйым енгізіледі», – делінген ақпаратта.

 

Бұдан бөлек Лаос пен Сьерра-Леоне азаматтарына да АҚШ-қа кіруге толық тыйым салынды. Бұрын бұл елдерге қатысты ішінара шектеулер енгізілген болатын.

 

Мәлімдемеге сәйкес, бұған дейін күшіне енген келесі елдердің азаматтарына АҚШ-қа кіруге салынған тыйым сақталды: Ауғанстан, Гаити, Иран, Йемен, Ливия, Мьянма, Конго Республикасы, Сомали, Судан, Чад, Экваторлық Гвинея және Эритрея. Сондай-ақ, Ангола, Антигуа және Барбуда, Бенин, Кот-д’Ивуар, Доминика, Габон, Гамбия, Малави, Мавритания, Нигерия, Сенегал, Танзания, Тонга корольдігі, Замбия және Зимбабве секілді елдердің азаматтарына қатысты ішінара шектеулер енгізілді.

 

Ал Түрікменстанға қатысты шектеулер ішінара жеңілдетілді.

 

Осылайша бұл елдің азаматтары АҚШ-қа иммиграциялық емес визалармен кіруге рұқсат алды. Ақ үй таратқан хабарламаға сәйкес, бұл шектеулер 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

 

Өткен айдың соңында АҚШ президенті Дональд Трамп үшінші елдерден көші-қонды тоқтататынын, елде тұратын, алайда азаматтығы жоқ барлық адамдарға берілетін федералды жеңілдіктер мен субсидияларды жоятынын айтқан. Ол қоғамға қауіп төндіретін шетелдіктерді елден депортациялауға уәде берді.

Түркістандық еңбек адамы мемлекеттік наградамен марапатталды

0

Түркістандық «Жылу» мекемесінің маманы мемлекеттік наградамен марапатталды, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 17 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы» Жарлығына сәйкес, елдің энергетика саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Түркістан қаласының тұрғыны, «Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының шебері Бузав Әбжәлі Мәуленұлы «Құрмет» орденімен наградталды.

 

Әбжәлі Мәуленұлы еңбек жолын 1979 жылы бастаған. Әр жылдары күзет қызметі, теміржол саласы және өндірістік кәсіпорындарда еңбек еткен. 2010 жылдан бері Түркістан қаласындағы «Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында жұмыс істейді, ал 2013 жылдан бастап  «Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының  Жылу жүйесі бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.

 

Ұзақ жылғы адал еңбегі мен кәсіби шеберлігі үшін мемлекеттік және қоғамдық деңгейде бірнеше мәрте марапатталған. 2022–2023 жылдары «Ел ардақтысы», «Үздік қызметкер», «Еңбек даңқы» медальдары мен салалық төсбелгілердің иегері атанды.

 

Мемлекеттік награда саланың дамуына сіңірген көп жылғы еңбегі мен энергетика саласына қосқан үлесі үшін берілді.

Түркістан облысының үздік жастары марапатталды

0

Түркістанда «Жыл көшбасшылары» жобасы аясында «Үздік жастар премиясы – 2025» байқауының марапаттау кеші өтті, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Түркістан қаласындағы «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінде «Жыл көшбасшылары» жобасы аясында «Үздік жастар премиясы – 2025» байқауының марапаттау кеші өтті. Шара облыстық қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ң ұйымдастыруымен қолға алынған.

 

Салтанатты шараға облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Болат Серікұлы мен облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ң басшысы Ернар Нұралыұлы қатысып, жастардың жетістіктеріне тоқталды. «Үздік жас мұғалім» номинациясы — бәйдібектік Әбдікәрім Андасұлы мен сарыағаштық Дәуренбек Миатұлына бұйырды. Ал,  «Үздік жас дәрігер» —  шардаралық Бексейіт Қанатұлы мен бәйдібектік Лаура Нұрғалиқызы атанды. Сондай-ақ, «Үздік жас спортшы» — келестік Асылжан Есболұлы, «Үздік жас мемлекеттік қызметкер» — сарыағаштық Асел Еркінқызы, «Үздік бейбіт өмір батыры» номинациясына — төлебилік Асыл Хамитбекұлы ие болды.  «Үздік жас кәсіпкер» — сарыағаштық Сұңқар Бердалыұлы, «Таза Қазақстан экологиялық жобасының үздік жасы» — қазығұрттық Ақтөре Мейіржанұлы, «Үздік жас полиция қызметкері» — түркістандық Бақытжан Үсенұлы және «Үздік Жастар ресурстық орталығы КММ-ң маманы» номинациясы  — созақтық Зарина Қалдыбайқызына бұйырды.

 

Сонымен қатар,  «Үздік жас оқушы» — түлкібастық Нұрислам Нұрланұлы, «Үздік жас әнші» — түркістандық Ақгүлім Қайырбекқызы, «Үздік жас жұмысшы маман» — Камила Рүстемқызы, «Үздік жас волонтер» — түркістандық Асылзат Батырбекқызы, «Үздік жас блогер» номинациясы — түркістандық Бақдаулет Ерланұлына бұйырды. Бұдан бөлек, «Үздік жас тілші» — түркістандық Қымбат Мұнсызбайқызы мен Жұлдыз Батырбекқызы атанды. Сондай-ақ, «Үздік жас отбасы» — сарыағаштық Әуезхановтар, «Үздік жас ІТ маман»  — сарыағаштық Низамаиддин Курванжанұлы, «Үздік шығармашылық ұжым» —  «OzgeEpic CreativeHub», «Үздік жас студент» номинациясын — жетісайлық Әдемі Мұханқызы жеңіп алды. Үздік атанған жастар әр аталым бойынша  қаржылай сыйлықтарға ие болды.

2025 жылғы қаңтар-қарашада Қазақстан экономикасының өсуі 6,4% құрады

0

QULAGER.KZ. Үкімет отырысында 2025 жылдың 11 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды. ҚР ҰЭМ деректері бойынша, басты көрсеткіш – ЖІӨ-нің өсімі, ол 6,4%-ға жеткен. Президенттің сапалы дамуды қамтамасыз ету және халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде ел экономикасы сенімді өсу қарқынын көрсетуде, деп хабарлайды Ukimet телеграм арнасы.

 

Негізгі драйверлер өсімі 7,3%-дан 7,4%-ға дейін жеделдеген өнеркәсіп пен 6,1%-ға ілгерілеген ауыл шаруашылығы болды. Тұрақты дамуды нақты экономиканың басқа секторлары да көрсетіп отыр. Көлік саласы 20,3%-ға, құрылыс 14,7%-ға өсті, ал сауда 8,8%-ға артты.

 

«Экономика сыртқы жағдайларға бейімделіп, тұрақты даму жолына түсті. Біз базалық салаларда жеделдеу барын көріп отырмыз, бұл әлеуметтік міндеттемелерді орындау және ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру үшін берік негіз қалайды», – деді Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин.

Өңірлерде жаңа білім беру нысандары пайдалануға берілді

0

QULAGER.KZ. Балабақшалар мен мектептер Астана, Алматы қалаларында, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында ашылды. Алматыда Медеу ауданында екі білім беру нысанының техникалық ашылуы өтті – 140 орындық жаңа №195 балалар ясли-бақшасы және реконструкциядан өткен №99 мектеп. Мектепте химия, физика және биология кабинеттері, спорт залы, бейнелеу өнері кабинеті, сондай-ақ 100 орындық акт залын қамтитын инфрақұрылым жасалған. Оқушылардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінген: заманауи өрт қауіпсіздігі жүйесі енгізілген, дабыл датчиктері орнатылған, ғимарат сейсмикалық күшейтуге алынған, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

 

Ақтөбе облысының Жағабұлақ ауылында 100 орындық заманауи балабақша ашылды. Мұнда әртүрлі үйірмелер мен дамыту студиялары жұмыс істейді, соның ішінде 4 жастан бастап робототехника, ұлдарға дойбы, қыздарға тоқу үйірмелері ұйымдастырылған. Көшеде қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын қалыптастыру үшін «Жол қозғалысы ережелері» атты арнайы бұрыш жасалған.

 

Қостанай облысының Фрунзенское ауылында жаңа балабақша жұмысын бастады, ол қазіргі заманғы мектепке дейінгі білім стандарттарына толық сай келеді. Облыста жалпы 467 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, олар 28 мыңнан астам баланы қамтиды.

 

Шығыс Қазақстан облысының Сарыөлең ауылында Бауыржан Момышұлы атындағы жаңа мектеп ашылды. Білім беру ұйымы қазіргі талаптарға сәйкес жабдықталған: химия, биология, физика, математика кабинеттері және басқа да пән кабинеттері, шағын орталық жұмыс істейді. Оқушылар үшін асхана, спорт және акт залдары қарастырылған.

 

Ал елордада «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 23-ші мектептің құрылысы аяқталды. Салынған және салынып жатқан мектептердің көп бөлігі Астананың Есіл және Нұрлы аудандарында орналасқан.

 

Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында 1200 оқушыға арналған жаңа форматтағы мектеп ашылды. Мектепте 61 оқу кабинеті, соның ішінде дизайн және технология, тамақтану мәдениеті, көркем өнер, робототехника, STEM және музыка кабинеттері қарастырылған. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 126 бейнекамера орнатылған. Бұл өңірде ұлттық жоба аясында пайдалануға берілген он екінші мектеп.

 

 

Қазіргі таңда елімізде 192 мың орынға арналған 130 мектептің құрылысы аяқталған, оның 92-сі «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған, жартысы ауылдық елді мекендерде.

3 мың әйел жүкті әйелдерге арналған пансионаттарда көмек алды

0

QULAGER.KZ. 2025 жылы Қазақстанда ана денсаулығын сақтау жүйесі күшейтіліп, әйелдерге арналған профилактикалық және мамандандырылған қызметтердің қолжетімділігі кеңейтілді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

 

«Аналар саулығы» бағдарламасы жүктілік басталғанға дейін әйелдерді зерттеп-қарауға және сауықтыруға қолжетімділікті жақсартты. Зерттеудің 12 түрі бар. Прегравидалдық даярлықпен қамту 23%-ға өсіп, 46,1%-ды құрады. Ерте мерзімде есепке тұрған әйелдердің саны 10%-ға өсті.

 

«Салауатты Ана» бағдарламасы шалғайдағы және жету қиын ауылдық елді мекендерден қиын босанғаннан кейін жоғары қауіп тобындағы жүкті әйелдерді алдын ала емдеуге жатқызу үшін пансионаттар жасайды. Қазіргі уақытта 15 облыста пансионаттар ашылды, онда 3 мың жүкті әйел көмек алды.

 

«Аңсаған сәби» экстракорпоралдық ұрықтандыру бағдарламасы ең сұранысқа ие жобалардың бірі болып қала береді. Жыл сайын ЭКҰ-ға 7 мың квота бөлінеді. Төрт жылдың ішінде 30 мыңнан астам әйел емшарадан өтті, көптен күткен 10 мыңнан астам бала дүниеге келді.

 

Жоғары технологиялық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында 22 Облыстық перинаталдық орталықта жүкті әйелдерді мамандандырылған зерттеп-қарау мен емдеуге жедел жіберу мүмкіндігімен ұрықты қорғау орталықтары құрылды.