HomeҚоғамТүркістан облысының үздік жастары марапатталды

Түркістан облысының үздік жастары марапатталды

Түркістанда «Жыл көшбасшылары» жобасы аясында «Үздік жастар премиясы – 2025» байқауының марапаттау кеші өтті, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Түркістан қаласындағы «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінде «Жыл көшбасшылары» жобасы аясында «Үздік жастар премиясы – 2025» байқауының марапаттау кеші өтті. Шара облыстық қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ң ұйымдастыруымен қолға алынған.

 

Салтанатты шараға облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Болат Серікұлы мен облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ң басшысы Ернар Нұралыұлы қатысып, жастардың жетістіктеріне тоқталды. «Үздік жас мұғалім» номинациясы — бәйдібектік Әбдікәрім Андасұлы мен сарыағаштық Дәуренбек Миатұлына бұйырды. Ал,  «Үздік жас дәрігер» —  шардаралық Бексейіт Қанатұлы мен бәйдібектік Лаура Нұрғалиқызы атанды. Сондай-ақ, «Үздік жас спортшы» — келестік Асылжан Есболұлы, «Үздік жас мемлекеттік қызметкер» — сарыағаштық Асел Еркінқызы, «Үздік бейбіт өмір батыры» номинациясына — төлебилік Асыл Хамитбекұлы ие болды.  «Үздік жас кәсіпкер» — сарыағаштық Сұңқар Бердалыұлы, «Таза Қазақстан экологиялық жобасының үздік жасы» — қазығұрттық Ақтөре Мейіржанұлы, «Үздік жас полиция қызметкері» — түркістандық Бақытжан Үсенұлы және «Үздік Жастар ресурстық орталығы КММ-ң маманы» номинациясы  — созақтық Зарина Қалдыбайқызына бұйырды.

 

Сонымен қатар,  «Үздік жас оқушы» — түлкібастық Нұрислам Нұрланұлы, «Үздік жас әнші» — түркістандық Ақгүлім Қайырбекқызы, «Үздік жас жұмысшы маман» — Камила Рүстемқызы, «Үздік жас волонтер» — түркістандық Асылзат Батырбекқызы, «Үздік жас блогер» номинациясы — түркістандық Бақдаулет Ерланұлына бұйырды. Бұдан бөлек, «Үздік жас тілші» — түркістандық Қымбат Мұнсызбайқызы мен Жұлдыз Батырбекқызы атанды. Сондай-ақ, «Үздік жас отбасы» — сарыағаштық Әуезхановтар, «Үздік жас ІТ маман»  — сарыағаштық Низамаиддин Курванжанұлы, «Үздік шығармашылық ұжым» —  «OzgeEpic CreativeHub», «Үздік жас студент» номинациясын — жетісайлық Әдемі Мұханқызы жеңіп алды. Үздік атанған жастар әр аталым бойынша  қаржылай сыйлықтарға ие болды.

Ұқсас жазбалар