HomeӘлемдеҚазақстан Президенті мен Оман Сұлтаны АХҚО-ға барды

Қазақстан Президенті мен Оман Сұлтаны АХҚО-ға барды

Қасым-Жомарт Тоқаев пен елімізге сапармен келген Сұлтан Хайсам бен Тариқ Әл Саид «Астана» халықаралық қаржы орталығын аралап көрді, деп хабарлайды Ақорда.
АХҚО басқарушысы Ренат Бектұров мәртебелі меймандарға орталық жұмысының нәтижелерін таныстырды. Сонымен қатар Қазақстан мен Оман арасындағы инвестициялық-экономикалық қатынастарды одан әрі жандандыру үшін Орталық қандай мүмкіндіктер ұсына алатынына тоқталды.

Ұқсас жазбалар