HomeЖаңалықПрезидент төрағалығымен ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті

Президент төрағалығымен ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды Ақорда.
Негізгі мәселе – әскери реформа жоспарының жобасы.
Мемлекет басшысы еліміздегі ауқымды өзгерістерді ескере отырып, қорғаныс саласын реформалау жөнінде ұсыныстар әзірлеуді және оны Қауіпсіздік Кеңесінің қарауына енгізуді тапсырды. Президент қысқа мерзімде заманауи, ұтқыр әрі технологиялық тұрғыдан озық армия құрудың айрықша маңызына назар аударды.

Ұқсас жазбалар