HomeРедакция таңдауыБайқоңырдан тышқандар мен шыбындар ғарышқа ұшырылды

Байқоңырдан тышқандар мен шыбындар ғарышқа ұшырылды

QULAGER.KZ. Тышқандар мен шыбындары бар спутник орбитаға шығарылды, деп жазады baq.kz.

 

Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз-2.1б» зымыран тасымалдаушысы сәтті ұшырылып, «Бион-М» №2 спутнигі орбитаға шығарылды. Оның бортында 75 тышқан және шамамен 1,5 мың шыбын бар.

 

Ұшу 20 тамызда Астана уақыты бойынша сағат 22:13-де жүзеге асты. 9 минут 23 секундтан кейін аппарат 370–380 километр биіктіктегі орбитаға шығарылды.

 

Роскосмос деректері бойынша, «Бион-М» спутнигінде 30 күн бойы биологиялық тәжірибелер жүргізілетін болады. Ғалымдар тірі организмдердің жоғары ендік орбитасының жағдайларына қалай төтеп беретініне зерттеу жүргізбек.

 

Өйткені бұл орбитада радиация деңгейі мен геомагниттік жағдай дәстүрлі 50–60 градусқа қисық орбиталардан ерекшеленеді.

Ұқсас жазбалар