Ақордада елімізге ресми сапармен келген Иордан Хашимит Корольдігінің Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Ақорда.
Мәртебелі мейманның құрметіне Әуе қорғанысы күштерінің тікұшақтары Қазақстан мен Иорданияның Мемлекеттік туларын желбіретіп, Ақорда алдынан ұшып өтті.
Салтанатты іс-шара барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен II Абдалла бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң Президент оркестрі екі елдің әнұрандарын орындады.

