Home Blog Page 171

Көшпенділер қалашығы көркейе түседі

0

Қонаев қаласының әкімдігі Көшпенділер қалашығына жол салынатынын хабарлады, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Қонаев қаласы әкімдігінің жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бағдат Алиевтің айтуынша, былтыр Көшпенділер қалашығына жол салу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленген.

 

— Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған жағдайда бюджеттік өтінім беріліп, құрылысқа ақша бөлу мәселесі қарастырылады, — деді бөлім басшысы.

 

Сонымен қатар Бағдат Алиев Қонаев қаласында 9 маршрут бойынша 28 дана қоғамдық көлік қатынайтынын атап өтті. Былтыр қала автопаркі 2 автобуспен толықса, биыл жаңа 5 көлік алу жоспарланған.

 

— Әлеуметтік маңызы бар маршруттарды субсидиялауға 2024 жылы Қонаев қаласына 602,2 млн теңге бөлінді. Биылға келісімшарт қаңтар айында жасалады, — деді ол.

Жапонияда жойқын жер сілкінісі болды

0

Жапонияда 6,9 балдық жойқын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Жапонияның бас метеорологиялық агенттігінің хабарлауынша, жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 21:19-да (Астана уақыты бойынша 17:19) тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы су астында 30 шақырым тереңдікте орналасқан.

 

Жерасты дүмпулері Кюсю аралының бүкіл аумағында бес баллға дейін, ал Сикоку аралында және Хонсю аралында Хиросима қаласынан Осакаға дейінгі үлкен аумақта үш баллға дейін сезілгені хабарланды.

 

Жер сілкінісінен кейін Жапония билігі цунами қаупін жариялады. Кюсюдің шығыс жағалауы мен Сикокудың оңтүстік жағалауының тұрғындарына биіктігі бір метрге жететін цунами қаупі ескертілді.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ Президентімен кездесті

0

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Qasr Al Shatie сарайында Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен кездесті, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Мемлекет басшысы көрсеткен сый-құрметі мен қонақжайлығы үшін БАӘ Президентіне ризашылығын жеткізіп, «Абу Дабидің орнықты даму апталығының» сәтті өтуіне тілектестік білдірді.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылы шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен Абу Дабиде және Дубайда өткен кездесулерді ықыласпен еске алып, келіссөздер нәтижесі екіжақты қатынастарға тың серпін бергеніне әрі ықпалдастықтың жаңа бағыттарына жол ашқанына назар аударды.

 

– БАӘ – біздің араб әлеміндегі басты серіктесіміз. Елдеріміздің игілігі үшін екіжақты және көпжақты байланыстардың барлық бағыты бойынша тығыз ынтымақтастық құруға ниеттіміз. Мен достық, өзара сенім мен құрметке негізделген стратегиялық серіктестігімізді нығайтуға Сіздің қосқан үлесіңізді жоғары бағалаймын. Аса Мәртебелі Президент мырза, Сізді өз елімде құшақ жая қарсы алуға дайынмын. Қазақстанға жасайтын сапарыңыз екіжақты ынтымақтастықты нығайтудың жаңа кезеңіне бастау болатынына сенімдімін, – деді Мемлекет басшысы.

 

Президент бүгінде БАӘ еліміздің экономикасына қаржы құйған он ірі шетелдік инвестордың қатарына кіретінін атап өтті.

 

Былтыр БАӘ-ден келген тікелей инвестиция көлемі екі есеге ұлғайды. Абу Дабидегі кездесу барысында біз тауар айналымын 1 миллиард долларға жеткіземіз деп мақсат қойдық. Екі ел үкіметтері сауда-саттықтың оң қарқынын қалыптастыру үшін нақты экономикалық күн тәртібіне мән бергені жөн. Стратегиялық инвестициялық жобаларды құру туралы бірлескен декларацияны жүзеге асыруға Сіздің тарапыңыздан қолдау көрсетіледі деп сенеміз. Бұл құжат аясында Әмірліктердің компанияларымен көлік-логистика, энергетика, қаржы, туризм және басқа да көптеген салада белсенді ынтымақтастық жүргізіп келеміз. Бұл серіктестік елдеріміздің өсіп-өркендеуіне септігін тигізеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасарын қабылдады

0

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасарын қабылдады, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

Президент кездесу барысында Дархан Сатыбалдының Түркістан облысында атқарған жұмысына жоғары баға берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары лауазымы басқару процесі мен аймақтар арасындағы ықпалдастықты жетілдіру, өзінің тапсырмалары мен шешімдерінің жергілікті жерде орындалу барысына бақылауды күшейту, сондай-ақ қабылданған шаралардың сапасын жақсартып, азаматтардың мемлекеттік институттарға сенімін нығайту мақсатында енгізіліп отырғанын атап өтті.

Сонымен қатар Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасарына нақты міндеттер жүктелді.

Нұралхан Көшеров Түркістандағы құрылыс алаңдарын аралады

0

Нұралхан Көшеров Түркістан қаласындағы құрылыс алаңдарын аралады, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Облыс орталығында мәдениет үйі мен жаңа медициналық нысандардың құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров облыс орталығында бой көтеріп жатқан бірқатар әлеуметтік нысандардың құрылыс алаңында болып, атқарылып жатқан жұмыс барысын пысықтады. Мердігерлермен кездесіп, бірқатар тапсырма жүктеді.

 

– Өңірдегі құрылыс қарқыны бәсеңдемейді. Сапа басты назарда болу керек. Әлеуметтік нысандардың құрылысын бекітілген кестеге сәйкес аяқтап, тапсырыңыздар. Жұмыс барысында кедергілер болмауы тиіс, – деді облыс әкімі.

 

Түркістан қаласында Оңалту орталығы бой көтерді. Нысанның құрылысы 2023 жылдың қыркүйек айында басталған болатын. Жаңа орталық қажетті жабдықтармен толық қамтылады. Мұнда балаларға арналған ойын алаңы да қарастырылған. Жаңа нысан жақында ел игілігіне берілмек.

 

Бұдан бөлек, облыс орталығында Мәдениет үйі салынуда. Ғимараттың жалпы ауданы – 10 мың шаршы метр. Құрылыс жұмыстарын биыл аяқтау жоспарланған.

 

Сонымен қатар облыс әкімі 570 төсек — орындық көпбейінді облыстық аурухана құрылысының барысымен танысты. Заманауи үлгіде салынып жатқан ғимаратта тұрғындардың ем алуына барлық жағдай жасалады. Өңір басшысы Түркістан облысында 2 млн-нан астам адам тұратынын, сондықтан жаңа әлеуметтік нысандарды іске қосу маңызды екенін атап өтті. Жұмыс қарқынын күшейтуді, құрылысқа сапалы материалдарды қолдануды тапсырды.

 

Кентау Жылу энерго орталығы қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр

0

Кентаудағы Жылу энерго орталығы қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

Кентау қаласының №5 Жылу энерго орталығы қайта жаңғыртудан өтіп, қазіргі таңда қаланы толық жылумен қамтып отыр.

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Кентау қаласындағы Жылу энерго орталығында болып, жұмысымен танысты. Жауапты тұлғаларға жылудан мәселе туындамау керек екенін ескертіп, жағдайды бақылауда ұстауды тапсырды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Кентау тұрғындарын және әлеуметтік нысандарды сапалы жылумен қамтамасыз ету мақсатында «Кентау қаласы ЖЭО-ның «№7,8,9,10,11,12 қазандықтарын күрделі жөндеу» жобасы әзірленіп, жылу көздерін жаңғыртуға Үкімет резервінен қаражат бөлінді. Жарты ғасырдан астам уақыт жөндеу көрмеген Жылу энерго орталығында қазандықтардың қайта құру жұмыстары қолға алынды.

Нақтырақ айтқанда, 6 қазандықтың қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде 5 қазандықта қайта құру жұмыстары аяқталды. Ал бір қазандық қайта құрудан соң жақын күндері іске қосылады. Бұдан бөлек, 2 қазандыққа ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды. №5 қазандық бюджет есебінен, №6 қазандық демеушілер есебінен жөнделді.

Сонымен қатар облыс аумағындағы 300 шақырымға жуық жылу желілеріне толық техникалық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Жылу желілерінің тозуы 49 пайызды құрады. Кентау қаласындағы 6,6 шақырым магистральды жылу желілері қайта жаңартылды. Одан бөлек, 14,5 шақырым жылу желілерін реконструкциялау бойынша жоба әзірленіп, бюджеттік өтінім министрлікке ұсынылды.

Айта кетейік, қаладағы 14 мыңға жуық абонент орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған. Оның ішінде 108 бюджеттік мекеме, 2 мыңнан астам жеке сектордағы тұрғын үй, 347 көпқабатты тұрғын үй және 441 коммерциялық нысан бар.

Қазақстан туризміне салынған инвестиция көлемі 69% өсті

0

Биылғы сегіз айда туризм саласында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 527,6 млрд теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 69%-ға көп. 2023 жылдың алғашқы 8 айында инвестициялар 311,8 млрд теңгені құраған.

Жыл соңына дейін елімізде 148 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Бұл өз кезегінде өңірлерде шамамен 2,5 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Аталған бастамалар туристік инфрақұрылымды жақсартуға және туристерді көбірек тартуға бағытталған.

«Туристік секторға салынған инвестициялардың өсуі стратегиялық маңызды саланы дамытуға қызығушылықтың артқанын көрсетеді. Туристік бағыттарды қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету арқылы Қазақстанды шетелдік және ішкі туристер үшін тартымды ете аламыз», — деді Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев.

Биыл 64 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл да туристік саланы дамытуға және туристерге қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

 

Канар аралдары артық туризмге қарсы наразылық білдірді

0

Канар аралдары бойынша он мыңдаған адам артық туризм және оның салдарына қарсы наразылық білдіруге шықты. Ең танымал аралдардың бірі Тенерифеде ғана көшеге 30 мыңға жуық шеруші шықты, деп хабарлайды Euronews.

Архипелаг тұрғындары туризмнің қоршаған ортаға және өздерінің әл-ауқатына, соның ішінде тұрғын үй бағасының өсуіне байланысты кері әсері туралы айтты.

«Біз, канарлықтар, жайлы өмір сүру үшін кетуге мәжбүр болғанымыз дұрыс емес. Бізді ешкім елемейді», — деп мәлімдеді олар.
Шерушілер үкіметтің жағдайды елемей, еш шара қолданбай отырғанын айтып, Канар аралдарының экономикалық моделіне түбегейлі өзгерістер енгізуді талап етіп жатыр.

Олар туризмге емес, жағдайды осындай деңгейге жеткізген саясаткерлер мен бизнесмендерге қарсы екенін баса айтады.

2023 жылы Канар аралдарына шамамен 14 млн турист келді, архипелагтың өз халқы – 2 млн-нан астам адам. Бұл ретте туризмнен түсетін табыс өңірдің жалпы ішкі өнімінің үштен бірінен астамына тең болып отыр.

 

 

Түркістан облысына келетін шетелдік туристер саны артты

0

Түркістан облысының туристік әлеуеті жыл сайын көтеріліп келеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баспасөз мәслихатында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды айтты.

Өңірде туризм саласының 3 негізгі бағыты айқындалған: тарихи-танымдық, экологиялық және емдік-сауықтыру туризмі. Жыл басынан бері облысқа 400 мыңнан астам турист келді. Табиғи аумақтарға келушілер саны 124 мың адам болса, шипажайға келушілер саны – 135 мың адам, қонақ үйге қонушылар саны – 210 мың адам. Сонымен қатар тарихи орындарға 810 мың адам саяхаттаған. Е-qonaq жүйесіндегі дерекке сәйкес биылғы 10 айда аймаққа 19 мың шетелдік турист келген.

Туризм саласына жыл басынан бері 63 млрд.теңге инвестиция бағытталды. Туристерге қосымша өнімдер және жаңа туристік бағдарламаларды ұсыну мақсатында ірі жобалар қолға алынды. Түркістан қаласында 2,5 гектар аумақта «Қолөнер қалашығы» және 99 гектар жерге атшабар салынуда.

Жыл сайын елді мекендегі емдік-сауықтыру ұйымдарының саны өсуде. 2023-2025 жылдар аралығында жоба құны 7,5 млрд. теңгені құрайтын 6 емдік-сауықтыру ұйымының құрылысы жүргізілуде.

Қазақстан спортшысы джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды

0

Польша мемлекетінің Краков қаласында өткен джиу-джитсудан әлем чемпионатында сарыағаштық спортшы жеңімпаз атанды. 63 келіде сынға түскен Серік Мақұл джиу-джитсудың комбат бағдарламасы бойынша алғашқы жекпе-жегінде жергілікті поляк спортшысын жеңсе, екінші белдесуінде испандық спортшыны қапы қалдырды. Жартылай финалда молдовандықты жеңіп, ақтық сында украиндық спортшыны жеңіп чемпион атанды.

Серік Мақұл бұған дейін Азия және Европа чемпионатында алтын, әлем чемпионатында күміс медаль олжалаған болатын. Ол Қажымұқан спорт мектебінде жасөспірімдерді спортқа баули жүріп, жетістіктерге жетіп жүр.