Қонаев қаласының әкімдігі Көшпенділер қалашығына жол салынатынын хабарлады, деп хабарлайды QULAGER.KZ.
Қонаев қаласы әкімдігінің жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бағдат Алиевтің айтуынша, былтыр Көшпенділер қалашығына жол салу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленген.
— Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған жағдайда бюджеттік өтінім беріліп, құрылысқа ақша бөлу мәселесі қарастырылады, — деді бөлім басшысы.
Сонымен қатар Бағдат Алиев Қонаев қаласында 9 маршрут бойынша 28 дана қоғамдық көлік қатынайтынын атап өтті. Былтыр қала автопаркі 2 автобуспен толықса, биыл жаңа 5 көлік алу жоспарланған.
— Әлеуметтік маңызы бар маршруттарды субсидиялауға 2024 жылы Қонаев қаласына 602,2 млн теңге бөлінді. Биылға келісімшарт қаңтар айында жасалады, — деді ол.