HomeЖаңалықОтырар ауданының әкімі халықпен кездесті

Отырар ауданының әкімі халықпен кездесті

Отырар ауданы әкімінің халықпен кездесуі Шілік ауыл округінде өтті, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлының бүгінгі ауыл тұрғындарымен кездесу жиыны Шілік ауыл округінде қорытындыланды. Кездесуде атқарылған жұмыстар бейнеролик арқылы көрсетіліп, аудан басшысы жиында алда тұрған міндеттер мен атқарылатын жұмыстарды баяндады.

 

Шілік ауыл округінде де «Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында ауқымды жұмыстар жүргізілген. Мәселен Шілік ауыл округі, Жаңа Шілік елді мекеніндегі С.Сейфуллин, Төрехан көшелеріне асфальт төсеу жұмыстары атқарылған. Сонымен қатар Жаңа Шілік ауылындағы ұзындығы 2140 метр жолға тас төселсе, Арыстанбаб, Бірлік, С.Исаев көшелерін жарықтандыру, Ескі Шілік елді мекеніндегі ішкі көшелерге тас төсеу, қоқыс қалдықтарын тастайтын полигонды дайындау жұмыстары жүргізіліп, Ескі Шілік елді мекенінен ойын алаңшасы пайдалануға берілген.

 

Ағымдағы жылы Ескі Шілік елді мекеніндегі Адырбек көшесіне орта жұмыстары жүргізіліп, спорт ойын алаңшасы салынады деп жоспарлануда.

Жиынға қатысқан ауыл тұрғындары аудан басшысына жайылымдық жер алу, «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша несие алу бойынша бірнеше ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Кездесуде айтылған мәселелердің бірқатары сол жерде шешімін тауып жатса, өзге де ауқымы үлкен мәселелерді аудан басшысы өз бақылауына алып қадағалайтынын тілге тиек етті.

 

Кездесуден соң аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, өтініштерін тыңдады. Ауыл тұрғындарымен кездесу барысында және қабылдауда айтылған сұрақтар мен ұсыныстарға жеке-жеке тоқталып, ұсыныстар бойынша мекеме, ұйым басшыларына тікелей тапсырмалар берді.

Ұқсас жазбалар