HomeӘлемдеТрамп пен Зеленский қашан кездесетіні белгілі болды

Трамп пен Зеленский қашан кездесетіні белгілі болды

сурет: ria.ru

QULAGER.KZ. АҚШ президенті Дональд Трамп Ұлыбритания премьер-министрі Кейр Стармермен өткізген баспасөз мәслихатында Владимир Зеленскиймен қашан кездесетінін айтты, деп жазады sputnik.kz.

 

«Ертең өте жақсы кездесу болады. Сағат 11-де (Мәскеу уақытымен 19:00). Ертең таңертең өте жақсы кездесу болады деп ойлаймын», — деді Трамп Ақ үйде журналистердің сұрағына жауап беріп.

 

Сонымен қатар НАТО жарғысының альянстың ұжымдық қауіпсіздігі туралы 5-бабын қолдайтынын айтты.

 

«Мен оны қолдаймын. Бұған ешқандай себеп болмайды деп ойлаймын. Бізде өте сәтті бейбітшілік болады және ол ұзақ болады деп ойлаймын», — деді АҚШ президенті.

 

Трамп бұған дейін Украинадағы жанжалды бір күнде шеше алатынын бірнеше рет айтқан болатын. Ресей Федерациясында бұл қарапайым жолмен шешіле салатын оңай мәселе емес деп санайды.

 

 

Ұқсас жазбалар