QULAGER.KZ. «Ливерпульдің» сұрмергені Мұхаммед Салах Англия Премьер-лигасының 26-туры аясында «Манчестер Сити» қақпасына гол соқты және голдық пас берді.
Осылайша ол АПЛ тарихында екі түрлі маусымда 40 және одан да көп ұпай жинаған алғашқы ойыншы атанды. Салах 2017/18 маусымында 32 гол салып, 10 голдық пас берген. Ал биылғы 2024/25 маусымының небары 26 турында оның 25 голы мен 16 голдық пасы бар.
Сондай-ақ, мысырлық бір маусымдағы голдық пас бойынша АПЛ рекордын қайталады.
Одан бөлек, Салах Премьер-лига тарихында алғашқы болып қазіргі чемпионға қарсы екі матчта да гол+пас берді.
32 жастағы Салах осы маусымда барлық турнирлерде 51 ұпай жинады.