HomeҚоғамТүркістандықтар қала аумағын тазалады

Түркістандықтар қала аумағын тазалады

Түркістанда жалпықалалық тазалық шарасы өтті, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Түркістан қаласында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жалпықалалық тазалық шарасы өтті. Шара — қаланың экологиялық жағдайын жақсарту, тұрғындардың белсенді азаматтық ұстанымдарын дамыту және табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған.

 

Қаладағы тазалық жұмыстары таңғы сағат 9:00-ден басталып, оған қала тұрғындары мен түрлі ұйымдардан 1100 адам және 28 арнайы техника жұмылдырылды. Сенбілік барысында қаланың көшелері мен қоғамдық орындар, шет аймақтар қоқыстан тазартылды.

 

Бұл бастама тек қаланың айналасын ғана емес, тұрғындардың экологиялық санасын да қалыптастыруға бағытталған. Алдағы уақытта қалада тазалық жұмыстары дәстүрлі түрде ұйымдастырылмақ.

Ұқсас жазбалар