HomeЖаңалықҚасым-Жомарт Тоқаев Иордания королімен келіссөз жүргізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания королімен келіссөз жүргізді

фото Ақордадан

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнмен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосып келе жатқаны үшін Иордания көшбасшысына алғыс айтты.

 

Иордания Королі II Абдалла Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапары екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық байланыстарды одан әрі кеңейтуге мол мүмкіндік беретінін атап өтті

 

Келіссөз барысында тараптар сауда, инвестиция, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік-логистика, туризм, энергетика, цифрландыру және фармацевтика секілді негізгі секторлардағы өзара тиімді ынтымақтастықтың перспективасын егжей-тегжейлі талқылады.

 

Екі елдің мәдени-гуманитарлық ықпалдастығын кеңейту мәселелеріне айрықша мән берілді. Қазіргі кезде Қазақстанның медициналық оқу орындарында Иорданияның 300-ге жуық азаматы білім алып жатыр.

Ұқсас жазбалар