HomeСпортТүркістандық пара спортшылар мемлекеттік марапатқа ие болды

Түркістандық пара спортшылар мемлекеттік марапатқа ие болды

Түркістандық пара спортшылар мемлекеттік марапатқа ие болды, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Азия ойындары мен Азия параойындарының жеңімпаздары және жүлдегерлерін марапаттады. Жиында Мемлекет басшысы Жапонияда өткен ХХ Жазғы Азия ойындары мен V Азия параойындарында қазақстандық спортшылардың табысты өнер көрсетіп, ел мерейін үстем еткенін атап өтті.

 

Салтанатты рәсімге Түркістан облысының пара спортшылары Ақтолқын Сейілбекова мен Бексұлтан Құлмырза да қатысып, Мемлекет басшысының қолынан «Ерен еңбегі үшін» медалін алды.

 

Еске салсақ, Азия Пара ойындарында пара дзюдодан Бексұлтан Құлмырза 81 келіге дейінгі, Ақтолқын Сейілбекова 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль иеленді. Ал Бағланбек Оңалбек +95 келі салмақта қола жүлдеге қол жеткізді.

 

24 қазан күні құрлықтық бәсекеде топ жарған спортшыларды әуежайдан Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, спорт саласының өкілдері, жақындары мен жанкүйерлері салтанатты түрде қарсы алған болатын.

 

«Облыстық мүгедектерге арналған «Сауран» спорт клубы» КММ басшысы Сабыржан Бульдуруков кіл мықтылар сайысында жеңіске жеткен пара спортшылардың жетістігінде бапкерлердің де үлесі зор екенін жеткізді. Сондай-ақ алдағы жарыстарда биік белестерді бағындыруларына тілектестік білдірді.

 

Ұқсас жазбалар