HomeСпортҚазақстан хоккейшілері Азиада алтынына таласады

Қазақстан хоккейшілері Азиада алтынына таласады

Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Азиаданың финалында ойнайды, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Бүгін Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында хоккейден біздің ерлер құрамамыз жартылай финалда жарыс қожайыны Қытайды тағы қапы қалдырды.

 

Есеп: 3-1. Олег Болякин шәкірттері 2-айналымның аяғында қарсылас қақпасына 2 шайба салды. Қарсылас матчтың аяқталуына 1 минут қалғанда есепті қысқарта алды. Ал санаулы секундтар қалғанда қытайлық қақпашы қателесіп, шайба өткізіп алды.

 

Ертеңгі финалдағы қарсылас Оңтүстік Корея немесе Жапония болмақ. Олар біраздан соң кім мықтыны анықтайды.

Ұқсас жазбалар