HomeӘлемдеМемлекет басшысы СNMC компаниясы директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы СNMC компаниясы директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы СNMC компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Вэнь Ганды қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның индустриалдық әлеуетін дамытуға China Nonferrous Metal Mining тобының атсалысуын жоғары бағалады. Компания халықаралық тау-кен және металл өндірісінде мол тәжірибе жинақтаған.
Президент Ақтоғай кен орнында мыс балқыту зауыты салына бастағанын ерекше маңызды оқиға деп атады. Бұл жоба Абай облысының экономикасын және Қазақстанның өңдеу өнеркәсібін өркендетуге тың серпін береді.

Ұқсас жазбалар