HomeСпортАрдагерлер арасында бильярдтан жарыс өтті

Ардагерлер арасында бильярдтан жарыс өтті

«Ауыл» партиясының Шымкент қаласы бойынша өңірлік филиалының ұйымдастыруымен ардагерлер арасында бильярдтан жарыс өткізілді, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

Спорттық шараны ұйымдастыруға «Ауыл» партиясының Шымкент қаласы бойынша Еңбекші ауданы аумақтық партия ұйымының төрағасы Абай Қайратұлы демеушілік көрсетті.

Жарыстың басты мақсаты – ардагерлердің спортпен шұғылдануына қолайлы жағдай қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау және аға буын өкілдерінің белсенділігін арттыру. Бұдан бөлек, мұндай кездесулер ардагерлердің өзара пікір алмасып, емен-жарқын араласуына, достық байланыстарын нығайтуына мүмкіндік береді.

Бильярд додасында қатысушылар өзара бақ сынасып, мергендік пен дәлдікті, сабырлылық пен шеберлікті талап ететін спорт түрінен қабілеттерін көрсетті. Жарыс барысында тәжірибелі ардагерлер арасында тартысты бәсеке болды.

Сайыс нәтижесінде үздік ойын көрсеткен үш ардагер алғашқы орындарға ие болды. Олар енді қалалық деңгейде өтетін жарыста Қаратау ауданының намысын қорғайды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, ардагерлердің қоғамдық өмірге белсенді араласуы – аға буын мен кейінгі ұрпақ арасындағы сабақтастықты нығайтудың маңызды тетігі. Себебі елдің қалыптасу жолында еңбек еткен ардагерлердің өмірлік тәжірибесі мен тағылымы жас ұрпақ үшін әрдайым құнды.

Осы ретте ардагерлердің басын қосатын спорттық және мәдени іс-шаралардың маңызы ерекше. Мұндай бастамалар олардың бос уақытын мазмұнды өткізуіне ғана емес, денсаулығын нығайтып, ортақ ортада белсенді болуына да ықпал етеді.

Шара барысында сайысты ұйымдастыруға қолдау көрсетіп, ардагерлерге арналған бастамалардың жүзеге асуына атсалысып жүрген «Ауыл» партиясының Шымкент қаласы бойынша Еңбекші ауданы аумақтық партия ұйымының төрағасы Абай Қайратұлына алғыс білдірілді.

Алдағы уақытта да аға буын өкілдерін қолдауға, олардың белсенді өмір салтын қалыптастыруға және басын қосатын тағылымды шараларды көбейтуге бағытталған жұмыстар жалғасын табады.

Ұқсас жазбалар