HomeӘлемдеМемлекет басшысы AI & Digital Bridge – 2026 халықаралық форумында сөз сөйледі

Мемлекет басшысы AI & Digital Bridge – 2026 халықаралық форумында сөз сөйледі

Қасым-Жомарт Тоқаев іс-шараға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде бүгінде Digital Bridge форумы Еуразиядағы беделді және танымал технология алаңына айналғанын атап өтті, деп хабарлайды Ақорда.
 – Мұнда әлемнің технологиялық дамуына зор үлес қосып жүрген білікті мамандар жиналды. Форум аясында жаңа идеялар мен тың бастамалар ұсынылады, тиімді байланыстар орнатылып, нақты жобалар іске қосылады. Сондықтан Digital Bridge халықаралық форумын шын мәнінде жаңашыл, жасампаз және зияткер азаматтар бас қосатын бірегей жиын деп айтсақ, артық болмасы анық, – деді Мемлекет басшысы.

Ұқсас жазбалар