HomeӘлемдеМемлекет басшысы NVIDIA компаниясының вице-президентімен кездесті

Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының вице-президентімен кездесті

Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының вице-президенті Рев Лебаредянмен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.
Кездесуде жасанды интеллект, цифрлық технологиялар және есептеу инфрақұрылымы салаларындағы ынтымақтастықты дамыту перспективасы талқыланды.
Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектінің жаһандық экожүйесін қалыптастыруда NVIDIA компаниясының рөлі айрықша екенін айтты. Сонымен қатар жасанды интеллектіні Қазақстан экономикасының басым салаларында қолдану аясын кеңейтудің маңызын атап өтті.

Ұқсас жазбалар