Қазақстан Президентінің Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары бизнес, өнеркәсіп және технология көшбасшыларының басын қосқан Қазақстан-Бавария технологиялық форумымен қорытындыланды, деп хабарлайды Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде Баварияны технологиялық прогресс пен өнеркәсіптік жетістіктері бай мәдени мұрасымен, берік дәстүрлерімен және жаңашылдық рухымен үйлесім тапқан бірегей өңір деп атады.

