HomeМәдениет«Мұқағалимен сырлас» поэзия кеші өтті

«Мұқағалимен сырлас» поэзия кеші өтті

Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында«Мұқағалимен сырлас» атты поэзия кеші өтті, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Мұқағалимен сырлас» атты поэзия кеші өтті. Бұл шара «Түнгі кітапхана» жобасының аясында ұйымдастырылып, ақынның өмірі мен шығармашылық мұрасын дәріптеуге бағытталды.

Кітапхананың кіреберісінде жасақталған арнайы көрме мен қабырғада ілініп тұрған Мұқағали Мақатаевтың үлкен суреті оқырман қауымға ерекше әсер сыйлады. Сондай-ақ ақынның өз даусымен сақталған өлеңі қойылды.

Әдеби жиынға зиялы қауым өкілдері мен қаламгерлер, кітапхана оқырмандары қатысты. Естелік пікірлерін ортаға салып, ақын шумақтарын оқыды. «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінің «Jana lep!» өнер ұжымының таланттары Мұқағали Мақатаевтың поэзия әлемінен сыр шертіп, әдеби дуэль ұйымдастырды. Сонымен қатар көрермен назарына ақын шығармаларына арналған әдеби қойылымдар ұсынды.

Осылайша бұл шара Мұқағали Мақатаевтың мәңгілік мұрасын дәріптеп, поэзия сүйер қауымға рухани азық сыйлады.

Ұқсас жазбалар