HomeҚоғамҚазақстанда 39 мемлекеттік жәрдемақының 14 түрі енді азаматтардың мұқтаждық деңгейіне қарай тағайындалады

Қазақстанда 39 мемлекеттік жәрдемақының 14 түрі енді азаматтардың мұқтаждық деңгейіне қарай тағайындалады

Жаңа тәртіп бойынша мұқтаждық деңгейі ескерілетін төлемдердің қатарына:
— бала тууға байланысты жәрдемақы;
— көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы;
— мүгедектігі бар адамдарға күтім жасайтын ата-аналар мен басқа да азаматтарға берілетін төлемдер;
— мүгедектік бойынша жәрдемақы;
— асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы;
— жерлеуге берілетін төлем;
— соғыс ардагерлеріне, қаза тапқан әскери қызметкерлердің отбасыларына және мемлекеттік атақтарға ие азаматтарға берілетін кейбір арнайы мемлекеттік жәрдемақылар бар.
Министрлік жаңа тәртіп барлық төлемге бірдей қолданылмайтынын айтты. Әр жәрдемақы жеке қарастырылады.

Ұқсас жазбалар