HomeЖаңалықТҮРКІСТАН: Сырдария өзенінде суға кеткен екінші азаматтың денесі табылды

ТҮРКІСТАН: Сырдария өзенінде суға кеткен екінші азаматтың денесі табылды

Түркістан облысында Сырдария өзенінде суға кеткен екінші азаматтың денесі табылды, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

Түркістан облысы, Сауран ауданы, Үшқайық ауылдық округі аумағындағы Сырдария өзенінде суға кеткен азаматтарды іздестіру жұмыстары жүргізілді.

 

Алдын ала мәлімет бойынша, 22 тамызда 1998 және 2002 жылы туған екі ағайынды азамат суға түсуге тыйым салынған жерде шомылған. Осы кезде 2002 жылы туған азамат суға батып, інісін құтқаруға әрекет жасаған 1998 жылы туған азамат та суға кеткен.

 

«Оқиға туралы хабар түскеннен кейін Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары іздестіру жұмыстарын ұйымдастырды. Іздеу жұмыстарына Шымкент қаласы ТЖ департаментінің қызметкерлері, полиция, жедел жәрдем мамандары, жергілікті тұрғындар мен марқұмның туыстары жұмылдырылды. Жалпы 90-ға жуық адам, арнайы техника, жүзу құралдары және дрон тартылды. 24 тамызда шомылған жерден шамамен 6 шақырым қашықтықта 2002 жылы туған азаматтың денесі табылып, судан шығарылды. Ал 25 тамызда іздестіру жұмыстары барысында оқиға орнынан шамамен 30 шақырым қашықтықта 1998 жылы туған екінші азаматтың денесі су бетінен табылып, шығарылды. Осылайша, іздестіру жұмыстары аяқталды. Өкінішке қарай, екі азамат та қаза тапты. Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды суға түсуге тыйым салынған жерлерде шомылмауға және қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады», — делінген Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ресми хабарламасында.

Ұқсас жазбалар