Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған форум ТМД Үкімет басшылары кеңесінің шешімі бойынша Достастық елдерінің волонтерлік бастамаларын біріктіріп, өзара тәжірибе алмасуға арналған жыл сайынғы тұрақты алаң ретінде құрылды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.
Форумның салтанатты ашылуына ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, БҰҰ Еріктілер бағдарламасының атқарушы директоры Тойли Курбанов, АӨСШК Бас хатшысы Қайрат Сарыбай, ТМД Бас хатшысының орынбасары Нұрлан Сейітімов, сондай-ақ волонтерлік ұйымдардың өкілдері мен Достастық елдерінің делегациялары қатысты.

