HomeСпорт3-9 ақпан аралығында өтетін спорттық іс-шаралар кестесі

3-9 ақпан аралығында өтетін спорттық іс-шаралар кестесі

3-9 ақпан аралығында қазақстандықтар бірнеше спорттық іс-шараға қатысады, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

 

3-9 ақпан – бокстан халықаралық Boxam Elite Tournament турнирі
Ұлттық құрама сапынан 13 боксшы өнер көрсетеді.
Өтетін орны: Испания, Аликанте қ.

3-9 ақпан – пара биатлоннан әлем чемпионаты
Жаһандық додаға отандық 7 параспортшы қатысады.
Өтетін орны: Словения, Поклюка қ.

5-9 ақпан – жасөспірімдер арасындағы спорттық және жауынгерлік самбодан ел чемпионаты
Жарысқа 15 өңірден 100-ден астам спортшы қатысады.
Өтетін орны: Түркістан қ.

6-8 ақпан – семсерлесуден Әлем кубогі (шпага, ерлер)
Бұл бәсекеде Қазақстан құрамасынан 9 спортшы бақ сынайды.
Өтетін орны: Германия, Хайденхайм қ.

6-13 ақпан – пара жеңіл атлетикадан әлемдік Гран-при сериясы
Ел құрамасынан 3 параспортшы сынға түседі.
Өтетін орны: БАӘ, Дубай қаласы.

7-9 ақпан – шорт-тректен әлемдік тур кезеңі
Жарысқа 4 спортшымыз қатысады.
Өтетін орны: Нидерланды, Тилбург қ.

7-9 ақпан – семсерлесуден Әлем кубогі (шпага, әйелдер)
Үш отандасымыз жүлдеге таласады.
Өтетін орны: Испания, Барселона қ.

7-9 ақпан – семсерлесуден Гран-При турнирі
Жарыста 3 отандасымыз өнер көрсетеді.
Өтетін орны: Италия, Турин қ.

7-16 ақпан – тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионаты
Сары құрлық додасынан ел намысын 15 спортшы қорғайды.
Өтетін орны: Таиланд, Фитсанулок қ.

8-15 ақпан – Жамбы атудан Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі
Жарысқа 7 елден (Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Иран, Ресей, Пәкістан) 28-ге жуық спортшы қатысады.

Өтетін орны: Пәкістан, Исламабад қ.

9-22 ақпан – нысана көздеуден Азия кубогі
Ел құрамасынан 16 спортшы бақ сынайды.
Өтетін орны: Таиланд, Бангкок қ.

Ұқсас жазбалар