HomeӘлемдеМемлекет басшысы Лихтенштейннің Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Лихтенштейннің Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Тақ мұрагері Алоизді Лихтенштейн Князьдігінің Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.

 

– Қазақстан Лихтенштейнмен көп жылғы достық қарым-қатынасты және өзара құрметті жоғары бағалайды. Тиімді ынтымақтастығымыз екі ел халықтарының игілігі жолында нығая беретініне сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев Тақ мұрагері Алоиздің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Князьдік халқына бақ-береке тіледі.

Ұқсас жазбалар