HomeҚоғамТҮРКІСТАН: Облыс әкімінің орынбасары тұрғындардың өтініш-тілегіне құлақ түрді

ТҮРКІСТАН: Облыс әкімінің орынбасары тұрғындардың өтініш-тілегіне құлақ түрді

Түркістан облысының тұрғындарын жеке қабылдау тұрақты түрде өткізіліп келеді, деп хабарлайды QULAGER.KZ.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес Түркістан облысының тұрғындарын жеке қабылдау тұрақты түрде өткізіліп келеді. Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев осы тұжырымдама аясында бекітілген кестеге сай тұрғындарды қабылдап, өтініш-тілеген тыңдады.

Қабылдау барысында азаматтар мәдениет, ішкі саясат саласын дамытуға қатысты ұсыныстарын айтып, өздерін толғандырған мәселелерін жеткізді.

Облыс әкімінің орынбасары тұрғындардың әрбір сауалына жауап беріп, көтерілген мәселелер бойынша жауапты басқарма басшылары мен тиісті мекеме жетекшілеріне нақты тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ айтылған ұсыныстардың кезең-кезеңімен шешілуін бақылауда ұстайтынын атап өтті.

Айта кетсек, тұрғындар облыс әкімі орынбасарының қабылдауына egov.kz порталы, е-otinish бірыңғай базасы немесе «Ашық әкімдік» кеңсесіне келіп, жазбаша өтініш тастау арқылы жазыла алады.

Ұқсас жазбалар