Кентаудағы Хантағы ауылында жаңа футбол алаңшасы пайдалануға берілді, деп хабарлайды QULAGER.KZ.
Кентау қаласына қарасты Хантағы ауылында жаңа футбол алаңшасы ел игілігіне пайдалануға берілді. Ауыл тұрғындары үшін маңызды нысанның ашылу салтанатына Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов қатысып, тұрғындарды қуанышты сәтпен құттықтады. Салтанатты шараға қалалық мәслихат депутаттары, ауыл ақсақалдары, тұрғындар және жастар қатысты. Қала әкімі өз сөзінде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде бұқаралық спортты дамытуға, тұрғындардың спортпен тұрақты айналысуына қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөлініп отырғанын атап өтті.
Сонымен қатар, қала басшысы ауыл тұрғындарының игілігі жолындағы бұл жобаның жүзеге асуына қолдау көрсетіп, демеушілік танытқан және бастамашы болған барша азаматтарға ризашылығын білдірді.
Іс-шара аясында ауыл жастары арасында ұйымдастырылған футбол турнирінің жеңімпаздары марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды.

