HomeЖаңалықe-Qazyna порталының арқасында мемлекеттік бюджет үнемделді

e-Qazyna порталының арқасында мемлекеттік бюджет үнемделді

2025 жыл қорытындысы бойынша e-Qazyna порталында мемлекеттік тапсырыс шеңберінде сомасы 76 млрд теңгеге 785 білім беру объектілері цифрландырылды және қаржыландырылды. 84 млрд теңге болған бастапқы жоспарда бюджет үнемдеуі 8 млрд теңгені құрады, бұл көлеңкелі аймақтар мен қолмен есептеуді алып тастаудың арқасында мүмкін болды. 2026 жылғы қаңтар-мамыр кезеңінде оператор сомасы 100,7 млрд теңгеге 749 білім беру объектілерінің актілерін төлеп, 59,3 млрд теңге үнемдеді. Бұл жайлы ҚР қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
Бұдан бөлек, жекеменшік мектептерді қаржыландырудың жаңа тетігін енгізумен қатар Ішкі мемлекеттік аудит комитеті алдыңғы кезеңдерге аудит жүргізді, онда 13 млрд теңгеден астам сомаға бұзушылықтар анықталды.
«Бұрынғы жүйеде өңірлердің нақты қажеттілігі ескерілмеген. Жекеменшік мектептердің дамуы жасанды түрде бастауыш буынға қарай бұрмаланған. Нәтижесінде 2024 жылдың өзінде оқушы орындарының тапшылығы жоқ 7 өңірге 1,8 млрд теңге бөлінген. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру өкілеттігі білім басқармаларына берілуіне байланысты, пилоттық жобада оқушы орындарына қажеттілікті тікелей жергілікті атқарушы органдардың анықтауы нақты көзделген. Егер мемлекеттік мектептерде орын профициті байқалса, әкімдіктің жекеменшік мектеппен шарт жасаспауға құқығы бар.Бұдан былай қажеттілік жоқ өңірлерге бюджет ақшасы берілмейді», – деді спикер.

Ұқсас жазбалар