HomeЖаңалық2028 жылға дейін жекеменшік мектептердегі мемлекеттік білім беру тапсырысына 760 млрд теңге...

2028 жылға дейін жекеменшік мектептердегі мемлекеттік білім беру тапсырысына 760 млрд теңге бөлінеді

Жекеменшік мектептер желісінің дамуы оқушы орындарының тапшылығын азайтып, білімге қолжетімділікті арттыруға ықпал етті. Енді Қазақстанда оларды мемлекеттік қаржыландыру жүйесі жетілдіріліп, бюджет қаражатын бақылау мен бөлудің жаңа тетіктері енгізілуде. Бұл туралы ҚР оқу-ағарту вице-министрі Жайық Шарабасов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.
Осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі – e-Qazyna платформасында OrtaBilim сервисінің іске қосылуы болды. Бұл сервис рұқсат құжаттарында заң бұзушылықтары бар, жобалық қуаттылығы асып кеткен, оқушыларды екі мәрте есепке алған, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі бойынша аттестаттаудан өтпеген LMS жүйелерін пайдаланатын жекеменшік мектептерді қаржыландыру тәуекелдерін барынша азайтуға мүмкіндік берді.
Жыл басында мемлекеттік және жекеменшік білім беру ұйымдарында орта білімге арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын қаржыландыру бойынша пилоттық жоба бекітілді.
Сонымен қатар жаңадан ашылатын жекеменшік мектептерде мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға және ғимараттың амортизациялық шығындарын қаржыландыру жөніндегі жаңа міндеттемелерді қабылдауға мораторий енгізілді.

Ұқсас жазбалар